Бейнеу станциясында санитарлық-карантиндік жаттығу өтті

Қауіпсіздік
11.06.2024, 11:48
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына екі бірдей жағымсыз хабарлама түсті.

Бірі №8801 «Карақалпақ-Бейнеу» жұмысшы пойызынан, екіншісі Құрық портынан «Хусейн Джавид» буксиріндегі жолаушының жағдайына байланысты болды. Бейнеудегі жағдайда жұмысшы пойызы вагонында жолаушының қатты ауырып, қалтырап, дене қызуы көтеріліп, қолтық асты безі ісініп, денсаулығы нашарлағаны айтылады. Құрық портынан келген ақпарда кезекші диспетчер қызметіне кеме буксиріндегі жолаушының да жүрегі айнып, лоқсып құсуы, іші өтуі, басы айналып, аяқ-қол бұлшық еттері тартылу сияқты шағымдармен мазасызданып келе жатқаны баяндалады.  

Аталған деректер бойынша Бейнеу станциясының санитарлық-карантиндік бөлімі мен Құрық станциясының санитарлық-карантиндік бөлімінің мамандары дереу мүдделі мекемелерге хабар беріп, тиісті шараларға кірісті.  

Бұл – Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кезекті оқу-жаттығуларының сценариі болатын.  

Бейнеу станциясы мен Құрық портында өткен бұл іс-шара оба және тырысқақ ауруларының алдын алу және анықталған жағдайда жоспарға сай әрекет ету даярлығын тексеру бағытында ұйымдастырылды, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Ағзия Темірқасова.  

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды