Өндірісте еңбек қауіпсіздігін сақтау маңызды

Қауіпсіздік
19.06.2024, 14:33
Оқуға 1 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Шу теміржол торабында еңбек қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мәселелерін қамтыған кезекті жиын өтті.  Басқосуға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының бас инженері Дүйсенбек Сыдықов пен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Дәулетбек Жолдасбаев қатысты.    

Жиында бірқатар мекеме басшыларының күн тәртібіндегі тақырып бойынша жасаған талдаулары тыңдалды. Алдын ала жүргізілген талдау-сараптау жұмыстары кезінде мекемелерде бірқатар кемшіліктер анықталған.  

Өндірісте еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамау – қауіп-қатердің туындау ықтималдығын арттыратыны белгілі. Кей жағдайларда мамандар нұсқамаларды естен шығарып алып жатады. Қарапайым ескертулерді орындамаудың салдары үлкен өкінішке ұрындыруы мүмкін.  

Жиын соңында Шу локомотив пайдалану депосының 4 қызметкеріне сый-құрмет көрсетіп, зейнетке шығарып салды. Олар – ұзақ жылдар осы депода қарапайым жұмысшыдан бастап, электровоз машинисі, слесарь болып еңбек етіп,  теміржолды дамытуға елеулі үлес қосқан тәжірибелі мамандар.

Шу локомотив пайдалану депосының электровоз машинистері Бақытжан Ноғайбеков пен Самат Байтүлеков қырық жылға жуық еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген майталмандар. Ал Жетпісбай Мырзабаев пен Анатолий Кочетов локомотивтерді тексеру жөніндегі слесарь болып жұмыс істеді. Алғашқысының теміржолдағы еңбек тәжірибесіне – биыл 41 жыл толса, Анатолий Григорьевичке 40 жыл.

Сала басшылары білікті мамандарға алғыстарын жеткізіп, лайықты сый-құрметпен шығарып салды.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды