Ақауды дыбысынан анықтап, қауіптің алдын алды

Қауіпсіздік
11.07.2024, 10:54
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосының Шу станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде вагон қараушы Төрехан Чолпанқұлов жүк пойызының вагонынан ақау тауып, қауіптің алдын алды.

Тараз станциясынан шыққан №3192 жүк пойызы Шу станциясына 18 маусымда түнгі сағат 23.45-те келіп жетеді. 52 вагон тіркеген құрамға  салмағы 2040 тонна жүк тиелген болатын. Сол күні түнгі ауысымға түскен вагон қараушы Төрехан Чолпанқұлов 16-шы жолға тоқтағалы келе жатқан жүк пойызын бақылап тұрып, вагондардың бірінің  доңғалақ жұбынан өзгеше дыбыс шығып келе жатқанын байқайды. Бұл туралы әріптесі Қайрат Тойбазаровқа хабарлап, ақаулы вагон болуы мүмкін екенін ескертеді.  Екеуі ұзын құрамның екі басынан вагондарды мұқият қарап-тексере бастайды. Нәтижесінде 919002171 нөмірлі үшінші вагонның доңғалақ жұбы  дискісі сынғанын анықтайды.  

– Жағдайды аға вагон қараушы Ж.Садырбайға  баяндадық. Нұсқауға сәйкес, ол вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің, Жамбыл вагон пайдалану депосының, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің басшылығына, станция кезекшісіне хабарлады. Әрі қарай вагон жүк пойызынан ағытылып, жөндеуге жіберілді, – дейді Төрехан Чолпанқұлов.

Қырағы вагон қараушының бұл анықтаған алғашқы ақауы емес. Тәжірибелі маман ақауды жүріп келе жатқан кезде доңғалақ жұптарының дыбысынан да байқауға болатынын айтады.  

– Көбіне дыбысқа баса мән береміз. Себебі, жарықшақ бар болса, болаттан таза дыбыс шықпайды. Вагон қараушының музыканттар секілді есту қабілеті ерекше болуы керек, – дейді ол.

Төрехан Чолпанқұлов 2011 жылдан бері вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде еңбек етіп келеді. Алғашқыда слесарь болып жұмыс істеген ол екі жылдан кейін вагон қараушы болып ауысқан.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды