Теміржол бойында жайылатын малдың мойнына жарыққа шағылысатын лента тағылып жатыр

Қауіпсіздік
17.07.2024, 11:39
Оқуға 2 мин

Теміржолдың бойы да қауіпті боп барады. Жосықсыз жүрген мал тұрмақ, адамдар да абайсызда пойыз астына түсіп қалуы мүмкін. Шығыс Қазақстанда қауіптің алдын алу үшін малдың мойнына жарыққа шағылысатын лента тағып жатыр, деп хабарлады 24.KZ телеарнасы.

Теміржол бойында рұқсат етілмеген аумақтарды кесіп өту тыйылмай тұр. Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаменті жыл басынан бері 43 адамды пойыз қағып кеткенін хабарлады. Оның 27-сі бақилық болған.  

– 2 факт жасөспіріммен байланысты. Ақтөбе мен Шымкентте теміржолдың белгіленбеген жерінен өтіп, соның салдарынан пойыз қағып кетіп, мерт болған жағдайлар болды, – деді ҚР ІІМ көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.  

Теміржолдың бойында малдың жайылуы – үлкен мәселе. 1200 шақырымнан асатын аумақты бақылап отырған Астана стансасының қызметкерлері мұндай келеңсіздіктің жиі болатынын айтады. Полицейлер биылдыққа мыңға тарта ірілі-ұсақты төрт түлікті иелеріне қайтарған.  

– Теміржол қауіпті аймақ болып саналады. Жыл басынан бізде түрлі құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін 3600-ге жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы 559 бабына сәйкес 2050-дің үстінде әкімшілік хаттама толтырылып, ескертулер жасалса, 71 тұлға теміржол бойында қараусыз жүрген малды баққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар салынды, – дейді Астана стансасындағы желілік ПБ бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.  

Өкінішке қарай, қараусыз жүрген малдың кесірінен Астана бағытында пойыздар 45 рет шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Жалпы, түлік иелеріне алдымен ескерту жасалады. Қайталанса, айыппұл төлеуге тиіс. Теміржол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалған тағы бір амал, ІІМ мен Қазақстан теміржолы мекемесі жол картасын әзірлеген. Оған сай қауіпті аймақтарда 3000-ға жуық қоршау орнатылды.  

Ал малдың иесіз жүруі – күре жолда да өзекті. Сол себепті аймақтарда жарыққа шағылысатын ленталар таратылып жатыр.  

– Бұл акция бүкіл облыс аумағында өткізіледі. Біздің қызметкерлер, іс жүзінде, шаруа қожалықтарының барлық басшыларына осындай шағылыстыратын таспалар таратты. Бұл біздің азаматтарымызды қорғау үшін қажет, – дейді "ҚАЖсервис" ЖШС ШҚО филиалының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Еркін Итжанов.  

Шығыс Қазақстан өңірінде жыл басынан бері бағусыз жүрген малдың кесірінен 5 көлік апаты болған. Салдарынан 6 адам зардап шекті. Енді мамандар малға жаппай жарыққа шағылысатын лента тағылса, түнгі уақытта апаттың алдын алуға көп көмек болады деп сенеді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды