Тұрғындарға темір жол бойында мал жаюдың тәртібі түсіндірілді

Қауіпсіздік
20.08.2024, 11:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Төрт түліктің темір жолға шығып кетіп, пойыздың астына түсуі – қай жағынан да қып-қызыл шығын. Шаруалар күнкөріс көзіне жаратар малынан айрылса, теміржол одан да көп шығынға ұшырап, арты қауіпті апатқа ұласуы да мүмкін.

Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі мен теміржолшылардың жол бойындағы кезекті рейдінің мақсаты – жергілікті халыққа қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, шығынмен қатар әкімшілік және материалдық жауапкершілікті ескерту болды.  

Жергілікті желілік полиция бөлімінің инспекторлары теміржолшылармен бірлесіп теміржолға жақын орналасқан ауылдарды аралауға шықты. Мал ұстайтын шаруашылықтар мен жекеменшік иелерімен кездесіп, теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы үшін қауіпсіздік ережелерін бұзбау, белгіленбеген жерлерден темір жол арқылы өтпеу жайын, темір жол бойында мал жаюдың тәртібі туралы кең көлемде түсінік жүргізді.  

Кезекті халықпен кездесу Маңғыстау ауданына қарасты Шетпе елдімекенінде жалғасты. Халық тығыз орналасқандықтан жергілікті халық төрт түлікті көп ұстайды. Сондықтан қауіп-қатер де көп. Тұрғындарды жинап, әкімшілік өкілдерін қатыстырған жиындар өтіп, ауыл жұрты малын бақташымен бағып, қайда жүргенін қадағалау жайы сөз болды.

– Маңғыстау ЖПБ қызмет көрсету аумағында біз – Маңғыстау Магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің инженері Е.Аманжолов, Маңғыстау жол дистанциясы техникалық бөлімнің жетекші жол инженері Е.Артықбаев, Маңғыстау жол дистанциясы бас инженері М.Көктеубаев, Маңғыстау жол дистанциясы 2-өндірістік телім жол шебері Д.Зейлов шетпеліктерге профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арнайы бардық. Жұмыстарымыз оң нәтиже беріп, алдағы уақытта бірқатар кемшіліктердің жойылуына ықпал ететін жұмыстар қолға алынатын болады деп ойлаймыз. Кейде қарапайым кедергілердің салдарынан пойызға басылған малдың иесін анықтау қиынға соғып, іс ашылмай қалып жатады, сондықтан шетпеліктерге төрт түлігін сырғалауды ұсындық, – дейді Маңғыстау ЖПБ инспекторы А.Шақпақов.  

Белгілі болғандай, аталған бөлімше аумағында жыл басынан бері жеті айда малдың жолға шығуынан отыздан астам шұғыл тежеу тіркеліпті. 15 адамға теміржол бойында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды