Теміржолда машинистер жолдағы адам немесе малды қағып кетпеу үшін биылғы жылғы алты айда 4,6 мыңнан астам шұғыл тежеу беріп, пойызды тоқтатуға мәжбүр болған.
Бір айта кетерлігі, сол шұғыл тежеудің 80% астамы жағдайында локомотив бригадаларының кәсіби әрекеттерінің арқасында мал мен адам басудың алдын алу мүмкін болды. Шұғыл тежеудің көп бөлігі малдың жолға шығуымен байланысты. Дегенмен теміржолшылар өткелдерде жол қозғалысы ережелерін бұзуға бейілді көлік жүргізушілері де көп екенін айтады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында теміржол өткелдерінде машинистер 59 рет құрамды мәжбүрлі түрде тоқтатып, соның ішінде 43 жағдайда автокөлікпен қақтығысудың алдын алған.