Ревизор келеңсіз оқиғалардың себеп-салдарын атады

Қауіпсіздік
27.08.2024, 10:11
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық жағдайы биыл бірнеше рет қайталанған. Аталған жайтқа алаңдаушылық білдірген қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлары кері көрсеткіштерді болдырмауға бағытталған іс-шараларды күшейткен.

Жақында Бейнеу-Тассай аралығын тексерген өңірдің бас ревизоры келеңсіз оқиғалардың себеп-салдарына тоқталды. Маңғыстау аймағы бойынша бас ревизоры Болат Дүйсәлиевтің айтуынша, биылғы жеті айда түбек теміржолында үлкені-кішісі бар, барлығы 27 рет пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзушылық жағдайы тіркеліпті. Соның ішінде тоғызы дәрежесі бойынша үлкен бұзушылыққа жатады. Оның төртеуінің туындауына теміржолшылардың өздері кінәлі екені анықталған. Қалғаны теміржолға қатысты емес мекемелердің кінәсінен болған. Одан бөлек бір «инцидент» тіркелген.  

– Жоғарыда аталған төрт жағдайға келсек, бәрінде адам факторының әсері бар. 11 қаңтарда жылжымалы құрам «қызыл сигналға» тоқтамай өтіп кетеді. Сондай жағдай биыл үш рет қайталанып отыр. Үшеуі де тепловоз машинисінің салғырттығынан, жолдағы белгі беру синалдарын жіті қадағаламай, өз міндетіне немқұрайлылық танытуынан орын алған.

Қаңтар айында екі рет осындай оқиға тіркелді. Үшінші рет маусым айында Маната бекетінде болды. Сөйлесіп келе жатады, не көрмейді немесе байқамайды, қызыл белгіден өтіп кетеді. Жылжымалы құрам жылдамдығын түсіріп, жай жүріп келе жатқанымен белгіні ескермей, солай қателікке бой алдырады. Енді бір бұзушылық Өзен станциясында маневр жасап жүргенде пойыз құрастырушылардың қателігінен ағытып қойған вагон жүріп кетіп, АРВ дрезинасына барып соғылады. Біз, ревизорлардың міндеті – кемшілік пен қателіктерді тізбектеп, анықтап, айыптау емес, оның шығу, туындау себебі мен салдарымен күресу. Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу, болдырмау үшін жоспардан тыс тексерістер жүргізіп, жұмысшылардың біліктілігін байқап, үйретіп, тәжірибе көрсетіп, мамандардың өз саласын жетік меңгеруіне ықпал етуге ден қойып отырмыз, – дейді бас ревизор.  

Бейнеуге барған сапарында ревизорлық құрам жоспарлы тексеріс жүргізіп, Бейнеу локомотив депосында өткен машинистер жиынына қатысқан. Профилактикалық жұмыстар жүргізіп, орын алған қателіктің себебін зерттеп, машинистермен бірге талқылады.  

Бас ревизордың сөзіне сүйенсек, жыл басынан тамыз айына дейін ревизорлық аппарат мүшелері 315 тексеріс жүргізіп, 2500 түрлі кемшілік анықтаған. Соның ішінде 452 жағдайда шектеу шарасын қолданған. РБУ-8, яғни болайын деп тұрған үлкен кемшіліктердің алдын алуға арналған журналға 81 жазба қалдырған. Оған қоса жеті рет жоспарлы, екі мәрте жоспардан тыс тексеріс өткізіпті. «Тоқта, тыйым салу сигналы!», «Тыйым салу белгісінен өту – қылмыс!» атты тақырыптық айлықтар жарияланған.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды