Биыл теміржол бойында 479 ескерту белгісі ауыстырылды

Қауіпсіздік
26.09.2024, 10:57
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол қауіпті аймақ екенін еске сала отырып, магистраль бойында өндірістік емес жарақаттануды болдырмау және алдын алу мақсатында теміржолшылар ел тұрғындарымен профилактикалық кездесулерді өткізуді дәстүрге айналдырған.  

Мәселен, өткен 8 айда 100 мыңға жуық адамды қамтыған жүздеген жиындар мен рейдтер өткен. Теміржолшылар жолға жақын орналасқан оқу орындарына барып, балалармен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, теміржолда жүріс-тұрыс ережелерін қамтитын көрнекі жадынамалар, буклеттер таратқан. Сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы объектілерінде қауіпсіздік тақырыбында бейнероликтер көрсетілген.  

Мамандардың айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп теміржолшылар 2,2 мыңнан астам бірлескен рейд ұйымдастырған. Құқық бұзушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік жадынамалары таратылған.  Сонымен қатар көлік прокуратурасы мен полицияның, ҚР Көлік министрлігінің аумақтық көліктік бақылау органдарының, БАҚ өкілдерін, сондай-ақ жүк тасымалдау бөлімшелерінің шекараларында қатысы бар қызметтерді шақыра отырып, Үйлестіру кеңесінің 145-отырысы өткізілген.  

Өндірістік емес жарақаттанудың негізгі себебі адамдардың бастарын қатерге тігіп жолға шығуы болып отыр. Локомотив бригадаларының адамдарды басуын болдырмау үшін шұғыл тежеудің 444 жағдайы қолданылып, соның басым бөлігі Алматы, Шымкент және Маңғыстау өңірлеріне тиесілі болған.  

Адамдардың теміржол арқылы жаппай өтетін жерлерінде «Назар аударыңыз, темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ», «Өтуге тыйым салынады», «Абайлаңыз, қауіпті аймақ», «Абайлаңыз, электр кернеуі» сынды 479 ескерту белгісі ауыстырылған.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды