Теміржолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткен 39 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды

Қауіпсіздік
31.10.2024, 16:01
Оқуға 2 мин

Өскемен-1 станциясында жүк пойызының машинисі 40 жастағы қала тұрғынынын жанай  қағып кетті. Ол түрлі жарақаттармен Өскемен қалалық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның айтуынша, әйел адам темір жолдарды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

М. Айтуғанов жазатайым оқиғалардың теміржол рельстерін жаяу жүргіншілер жолы ретінде пайдаланған кезде жиі болатынын және оған қатаң тыйым салынатындығын айтты. Сондықтан теміржол бойында болған кезде әрбір адам мейілінше қырағылық танытуы керек.

Көліктегі ПД мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың басынан бері көлік полицейлері «Темір жол – аса қауіпті аймақ!» тақырыбында жолаушылар пойыздарында 3780 кездесу, оқу орындарында 2166 дәріс, сондай-ақ 2389 халықпен кездесу өткізген. Сонымен қатар, белгіленбеген жерлерден темір жолдарды кесіп өткен 39051 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Полицейлердің ұдайы жүргізетін профилактикалық жұмыстарына қарамастан, азаматтар тарапынан теміржол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілерінің орын алуы жалғасуда.

Өткен кезеңде жылжымалы құрамның астына 79 азамат түскен болса, оның жартысынан көбі өліммен аяқталды, соның ішінде 6 факті бойынша балалар зардап шекті», - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.

Осы орайда, бәрі білуі шарт негізгі ережелерді естеріңізге саламыз: Теміржолға жақындаған кезде құлаққапты шешулеріңіз қажет, өйткені қатты музыканың кесірінен келе жатқан пойыздың дауысын естімей қалуыңыз мүмкін!

Платформаның шетінде тұрмаңыз, сонымен қатар уақытты үнемдеп, жолды қысқартамын деп темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өтпеңіз, жүріп бара жатқан пойыздың алдынан кесіп өтпеңіз.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды