Кемшіліктер көрсеткіші кеміген

Қауіпсіздік
01.11.2024, 09:17
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Оңтүстік өлкеде алдын ала жоспарланып, бекітілген кестеге сай теміржол мекемелері мен түрлі санаттағы өндірістік цехтар комиссия өкілдерінің мұқият тексерісінен өтті.

Биылғы күзгі байқау барысында тапсырманың мұның алдындағы жұмыс нәтижелерімен салыстырғанда тиянақты әрі сапалы орындалғаны анықталған.  

«Жүк тасымалы» ЖШС-нің Шымкент филиалы мен Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің жергілікті басқарма басшылары, «Қазкөліккәсіп» ҚБ кәсіподақ өкілдері мен саланың жауапты жетекшілері және тиісті мамандарынан құралған бірлескен комиссия мүшелері бекітілген жоспарға сай өндірістік теміржол шаруашылығына қатысты нысандар мен шалғай учаскелерді түгел аралап шықты. Атап айтқанда, Түркістан облысының аумағында орналасқан ПЧ, ШЧ, ЭЧ мекемелерінің басшылары мен телімдерге және цехтарға жауапты мамандар комиссия мүшелеріне әрбір нысанды таныстырып, проблемалық түйіндерді тарқату жолында пікір алмасты. Сол сияқты оң көрсеткіштерге сеп болған амал-әрекеттер мен тетіктерді үлгі ретінде атап көрсетті.  

– Жалпы, біз комиссия өкілдері өңірдегі теміржол шаруашылықтарын үш бағыт бойынша аралап шықтық. Атап айтқанда, бірінші бағыт – Шымкент-Түлкібас болса, екіншісі – Арыс-Түркістан және үшіншісі Арыс-Сарыағаш бағыты еді. Одан бөлек ірі мекемелер шоғырланған Шымкент пен Арыста орналасқан ПЧ-53, ПЧ-54, ШЧ-37, ШЧ-38, ЭЧ-24 сынды мекемелерінің қысқа дайындығы сараланды, – дейді Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің өнеркәсіп-өндірістік, электр және экологиялық қауіпсіздік қызметі секторының бастығы Ерлан Серперов.  

Осы аталған ірілендірілген мекемелердің әрбіріндегі үлкенді-кішілі 15-20 цехтың жай-күйі назардан тыс қалмаған. Сол секілді 2 қалпына келтіру пойызы мен 3 өрт сөндіру пойызы және халық көп шоғырланған үлкен қалалардағы 7 вокзал ғимаратының тыныс-тіршілігі мұқият бақылаудан өткізілген. Ол жерлердегі еңбек адамдарына жасалған жағдай мен оның санитарлық талапқа сай қызмет көрсетуі, қауіпсіздік қағидаларына қатысты мәселелер де қатаң қадағаланған. Сонымен қатар комиссия мүшелері жұмысшылармен еркін форматта пікір алмасып, олардың арыз-шағымы мен өтініш-бұйымтайына құлақ асқан.  

– Күзгі байқау кезінде өндіріс орындары мен кейбір цехтарда азды-көпті мәселелер немесе шұғыл шешімін табуды қажет ететін проблемалар болмады емес, болды. Алайда, комиссия мүшелерінің жөн сілтеуімен оның көбісінің түйіні сол мезетте-ақ тарқатылып жатты. Қалай десек те, істі үйлестіруді ширата түсу мақсатында жүргізілетін көктемгі және күзгі тексеріс нәтижесінде анықталатын сын-ескертулер көрсеткіші өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда төмендеген. Демек, тапсырманы тиянақты орындауда сапаның жақсара түскені, – дейді сала маманы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды