Семейде қозғалыс қауіпсіздігін бұзу көбейген

Қауіпсіздік
11.11.2024, 13:04
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігі – семейлік теміржолшылар үшін де күн тәртібінен түспейтін бірінші кезектегі мәселе. Желі бойындағы оқыс оқиғалардың алдын алу, ақауларға жол бермеу әрдайым өзекті.  

Осы жылдың өткен он айына тоқталсақ, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу бойынша 75 оқиға тіркеліпті. Келеңсіз жайттардың өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 11 оқиғаға көбейіп отырғаны алаңдатады.

Бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті Семей телімінің аймақтық бас ревизоры Темірбек Акчаловтың айтуынша, ЖТ  бойынша төрт тосын жайт тіркеліпті. Семей станциясында бір адам жазым болса, тағы бірде сұрыптау дөңесіндегі маневрлік жұмыс барысында қақтығыс салдарынан автотіркегіштің ақаулығы орын алған. Сол тәрізді ТЧЭ-24 пен ТЧЭ-25 мекемелерінде де тосын оқиғаларға жол берілген.  

– Тіркелген төрт келеңсіз жайт бойынша қызметтік талқылаулар жасалып, себептері анықталды. Жұмысқа немқұрайлы қараудың нәтижесі осыған алып келген. Станция қызметкерлері мен локомотив шаруашылығы бойынша 25 жазалау шарасы қолданылды, – дейді Темірбек Иманғабасұлы.  

Жалпы, жыл бойына РБ-6 аппараты қозғалыс қауіпсіздігін бұзу факторына жол бермес үшін 514 тексеру жүргізіпті. Соның ішінде жоспарлы тексерістерден бөлек, тосыннан және түнгі тексерістер де орын алған.  

– Жүргізілген тексерулер нәтижесіне сүйенсек, нормативтік-техникалық құжаттар рәсімдеу, жылжымалы құрамдар мен құрылғыларға күтім жасау нормаларын бұзудың 8009 оқиғасы анықталды. Қорытынды бойынша 1445 шектеу шаралары қолданылды. Соның нәтижесінде сенімділігі төмен жылжымалы құрамдар тоқтатылды. Атап айтсақ, 28 локомотив пен 241 жүк вагондары пайдаланудан алынды. Сол тәрізді коммерциялық ақаулық бойынша 12 жүк вагонының қызметі шектелді, – дейді аймақтық бас ревизор.

Айрықша назар аударылатын бір жайт, пойыздар қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы болып отыр. Осы орайда өткен он айдың ішінде 114 жол жабылып, 17 негізгі жол мен 49 қабылдау-жөнелту жолдарына уақытша тыйым салынған. Сондай-ақ 116 бағыттамалы бұрмалар жабылыпты. Және 551 шақырымда жылдамдықты шектеу шаралары қолданылған.  

Аймақтық бас ревизордың айтуынша, мекемелерде өткізіліп жатқан техникалық оқу сабақтары да тексерілуде. Осы орайда 21 тексеріс кезінде 257 кемшілік анықталыпты. Нәтижесінде 90 жұмысшы қайтадан біліктілігін арттыруға жіберіліп, бес техникалық оқу сабақтарын қайтадан өткізуге нұсқау берілген.    

Қадағалау шаралары кезінде басшылық қызметтер де назарға алынған. НОД-ЖТ мен НЖС-6 басшыларының нормативтерді орындауын қадағалау үшін  61 тексеру жүргізілген. Нәтижесі көңіл көншітпейді, 175 кемшілік анықталып, 39 мекеменің басшыларына арнайы жаза қолданылған.    

– Әрине, жаза қолданумен жұмыс бітпейді. Сондықтан кемшіліктерді түп тамырымен жоюға бағытталған шараларды жалғастыра береміз, – дейді бас ревизор.  

 Бүгінде шаруашылық ревизорлары төртінші тоқсанға бекітілген жоспар бойынша жұмыс жүргізуге көшті. Алайда әзірге мекемелердің қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларының тиімділігі әлі де төмен болып тұр.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды