Күзгі байқау қорытындыланды

Қауіпсіздік
12.11.2024, 08:56
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол шаруашылықтары алдағы қатал маусымға дайындық шараларын қамтамасыз ететін күзгі комиссиялық байқауды қорытындылап, қыс маусымына сақадай сай қам жасауда. Комиссиялық байқау инфрақұрылымның, жылжымалы құрам мен техниканың алдағы қыста қауіпсіз де үздіксіз жұмыс істеуін сарапқа салып, қанағаттанарлық деп бағалады.

Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалы шаруашылықтарында күзгі байқау кезінде анықталған ескертулерді жою бағытында жұмыс атқаруда. Байқау барысында дирекция бойынша 113 мың кемшілік анықталған. Жалпы, биыл 21 120 км негізгі жол, 2 837 км станциялық, 19 154 бағыттағыш бұрма, 91 байланыс желісі ауданы, 85 электрмен жабдықтау ауданы және 75 тартымдық қосалқы станциясы жағдайлары тексерілген. 3,4 дәрежелі ақауы бар күрделі жөндеу мерзімі өтіп кеткен және қанағаттанарлықсыз баға алған телімдерде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қауіп төндіретін ақаулықтарды анықтауға және дер кезінде жоюға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар қисық телімдердің, түйіспе саңылауларының, рельс бекітпелерінің, бағыттағыш бұрмалардың жағдайлары, сондай-ақ техникалық құжаттамалардың толтырылуы мен технологиялық процестің орындалуы комиссия мүшелерінің назарынан тыс қалмаған.  

«Күзгі байқау қорытындысын сарапқа салар болсақ, жергілікті жерлерде ғимараттар мен құрылыстардың жағдайына қатысты мәселелер бойынша жұмыстардың жақсара түскені байқалады. Барлық магистральдық желі бөлімшелері бойынша күзгі байқау қорытындысын назарға ала отырып, инфрақұрылым нысандарын күтіп ұстау нормаларынан ауытқушылықтарды жоюға қатысты іс-шаралар әзірленіп, бекітілді. Қазір Дирекцияның тиісті құрылымдық бөлімшелері белгіленген мерзімге сәйкес кемшіліктердің толық жойылуын бақылауға алып, осы бағытта жұмысты күшейтуде», – дейді Магистральдық желі дирекциясына қарасты Техникалық департаменттің менеджері Гүлнәр Тілеуова.  

Қыс – қыр астында. Солтүстік аймақтарда алғашқы қар түсіп, ауа райы күрт суыта бастады. Қыс шанасын жаз сайлап үйренген теміржол шаруашылықтары үшін жауапты да мазасыз маусым басталды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды