Өндіріс қауіпсіздігі – өзекті мәселе

Қауіпсіздік
10.12.2024, 08:48
Суреттерді түсірген Олжас АХМЕТОВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да VI өндірістік қауіпсіздік форумы еңбек қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқылау және өндірістік жарақаттардың алдын алу үшін жаңа технологияларды енгізу мақсатында ұйымдастырылды. Форумға «Самұрық-Қазына» АҚ, Австрия темір жолы, «КЕGОС» АҚ, WABTEC өкілдері, сондай-ақ ҚТЖ басшылығы, еңбек қорғау жөніндегі мамандар және Директорлар кеңесінің мүшелері қатысты.

Форумда алдын алу шараларының маңыздылығы және олардың өндірістік жарақаттарды азайтудағы рөлі талқыланды. ҚТЖ-да кәсіби тәуекелдері бар процестер мен қызметті басқару жүйесі ISO 45001 сертификатының талаптарына сәйкес келетіні атап өтілді. Адами фактор және оның өндірістік қауіпсіздікке әсері мәселесіне ерекше назар аударылды. ҚТЖ-да 50 мыңнан астам жұмысшы ауыр және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Өндірістегі оқиғалардың шамамен 80%-ы адам қателіктерімен байланысты. Осыған байланысты кадрлардың біліктілігін арттыру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту теміржол саласы үшін басымдыққа айналды.  

Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және ұжымдарда қауіпсіз жұмыс істеуге дұрыс психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру үшін тренингтерді ішкі тренерлер, яғни компания кәсіпорындарында өндірістік жарақат алған қызметкерлер жүргізеді, мұндай тренингтер жүйелі түрде жүргізіледі және корпоративтік қауіпсіздік мәдениетінің маңызды бөлігіне айналады. Кездесулердегі тәжірибелік жаттықтырушылар жұмыс орнындағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін абай болу және қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтеді. Бұл кездесулер жұмыстың әр кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екенін еске салады.  

Сондай-ақ 2024 жылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында «Үздіктер алаңы» магистральдық желісі дирекциясы мен вагон шаруашылығы қызметкерлеріне арналған даму бағдарламаларын қоса алғанда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Маңызды жобалардың бірі желілік деңгейдегі қызметкерлерге оқыту курстарын ұсынатын «Білім экспресі» көшпелі мектебі болды. Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі форум еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ерекшеленген мамандарды марапаттаумен аяқталды. Іс-шара аясында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы соңғы жетістіктердің көрмесі өтті. Форумға қатысушылар техникалық шешімдермен, жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ), медициналық жабдықтармен, сондай-ақ жаңа VR-технологиялармен танысты.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті ұйымдастырған маңызды форумды «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары мен еңбек қорғау, корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов сөз сөйлеп ашты.

– Темір жол көп жылдық тарихы бар үлкен сала ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік маңызды рөл атқаратын көліктің ең күрделі әрі жауапты түрі. Күн сайын мыңдаған жұмыскерлер станциялар мен жолдарда еңбек етеді. Олардың жұмыс барысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, қауіп-қатерлерді азайту – біздің ортақ міндетіміз. Биыл ҚТЖ-да 25 жұмыскер қайғылы жағдай салдарынан зардап шекті. Оның тоғызы қаза тапты. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана өндірістік жарақаттар мен апаттар санын азайтуға, жұмыс тиімділігін арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға болады. Қауіпсіздік – тек ереже жиынтығы ғана емес, оның күнделікті әдетке айналуы маңызды, – деді Ғ.Ауғанов.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Рамазан Садырқұлов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі Александер Ширхубер, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Әділбай Семенов компаниядағы өндірістік қауіпсіздік мәселелерін шешу, өндірістік жарақаттанушылық профилактикасы шараларының тиімділігін арттыру туралы баяндады. Ал компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Әлихан Қыраубаев теміржолдағы өндірістік қауіпсіздік және адами фактор, кадрлар біліктілігін арттырудың негізгі аспектілері тақырыбында баяндама жасады. Форум қатысушыларының назарына жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан көз жұмған теміржолшылар туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында бірқатар қызметкерлер «Адал еңбегі үшін», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілерімен, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.  

Солардың бірі – Маңғыстау вокзалы бастығының кезекші көмекшісі Әлия Нұрымова қызмет барысында бір жолаушының өмірін аман сақтап қалғаны үшін марапат алды.  

– Вокзалда ауысымдық жұмыста жүргендіктен, түрлі жағдай болады. Бірде түнгі ауысымда пойызын күтіп отырған үлкен кісі маған келіп, өзін нашар сезініп тұрғанын айтты. Дереу жедел жәрдемге қоңырау шалып, оған дейін өзіміздің медицина мамандарын шақырттым. Қан қысымы көтеріліп кеткен екен, медбике тілінің астына дәрі салып, жағдайын жасадық. Өзі емделуге бара жатқан кісі екен. Жедел жәрдем келгенде инсульттің белгісі басталып тұрғанын айтып, бірден жүрегін ЭКГ-ға түсіріп, баласын шақырып, ауруханаға алып кетті. Өзім темір жолда 17 жылдай еңбек етіп келемін, соның ішінде вокзалда 2008 жылдан бері жұмыс істеймін, – деді атақты Нұрымовтар әулетінің мүшесі.  

Одан әрі форум «Тәуекелдерді басқару: EHS мәдениетті дамытуға арналған тиімді стратегия» және «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару» тақырыптарында панельдік сессияларымен жалғасты.  

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты