Жасөспірімдерге теміржолдың қауіп-қатері түсіндірілді

Қауіпсіздік
11.02.2025, 08:34
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке станциясының қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірге қала мектептерінде кезекті қауіпсіздік сабағын өткізді. Жасөспірімдерге теміржолдың қауіп-қатері мен жолдан өту ережелері түсіндірілді.

Жіңішке жүк станциясы Ақтөбе қаласының іргесіндегі өндіріс орындары тығыз орналасқан жерде тұр. Айналадағы елдімекен тұрғындары теміржолды белгіленбеген жерінен кесіп өте беруді әдетке айналдырған. Әсіресе мектеп оқушыларына қатысты ескерту жиі тіркеледі. Теміржолшылар тәртіп сақшыларымен бірлесе «Ескертпе» буклеттерін таратып, мектептерге барып дәріс өткізуден кенде емес, әйтсе де сабақ теміржолды кез келген тұстан кесіп өту оқиғалары азаймай тұр.  

Кезекті кездесу «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында темір жолға жақын орналасқан №36 мектепте өтті. Жіңішке станциясы басшысының м.а. Әлібек Жұмабаев пен аға лейтенант Амандық Тайманов профилактикалық дәріс жүргізді. Олар өз жұмыстары туралы баяндап, теміржол инфрақұрылымы нысандарында жүріп-тұру ережесін, ол жерде ойнауға, серуендеуге болмайтын нақты мысалдармен баяндады. Теміржолда болған қайғылы оқиғалардың себеп-салдары талданып, оқыс оқиғалардың алдын алу маңыздылығы түсіндірілді.  

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырып, ұстаздарға үнемі ескертіп отыру ұсынылды.  

Бұдан бөлек теміржолшылар әскерилендірілген күзет және көлік полициясы қызметкерлерімен бірге үнемі теміржолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтетіндерге профилактикалық рейдтер өткізіп, темір жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілген жадынамалар таратты. Мақсат – қайғылы оқиғалардың қайталанбауы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды