Қауіпсіздіктің сақталуы – басты қағида

Қауіпсіздік
04.03.2025, 09:06
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ және Магистральдық желі бөлімшелерінің теміржолшылары үшін жоспарланған «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы қорытындыланды.

Қызылорда локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында 28 ақпан күні өткен курсқа станциядағы салалық мекемелердің басшылары, еңбек қорғау мен қауіпсіздікке жауапты мамандар, теміржолшылар қатысты.  

Бұған дейін аймақтағы тораптық станциялар теміржолшылармен өткізілген курста тренерлердің тәлімді мағлұматтары, тыңдаушылар назарына ұсынылған бейнематериалдар, өздері бастарынан өткізген қауіпті жағдайдың оқиға кейіпкерінің өз аузынан айтылуы жүрек толқытатын әсерде болды. Мұның бәрі теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін тағы бір еске салып, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін сақтауға шақыру болса керек.  

Курста алғашқы болып сөз алған Қызылорда ЖТ бөлімшесінің Қауіпсіздік және еңбек қорғау, экология бөлімінің басшысы Ғалия Көпжасарова: «Теміржол саласында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін сақтау – әр қызметкердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты шарты. Бұл қарапайым ережелер мен талаптар емес, әр адамның амандығына әсер ететін маңызды қағидалар екенін ескеру қажет» деді.  

Бас менеджер Бибігүл Надирбекова өз сөзін қауіпсіздік мәдениетін сақтаудан бастап, курс мақсаты теміржолшылардың еңбек қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру арқылы қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру екеніне тоқталды.  

Баяндамашылардың сөзінен кейін бейнероликтер, қауіпсіздік жайлы мағлұматтар беріліп, жан-жақты түсіндірілді. Компанияда алдыңғы жылы және былтыр орын алған өндірістік жарақат алу жағдайлары талданды.  

ЦБТ менеджері Ақназар Мүтәліпов пен Ақтөбе НЖС тренері Шеге Зейнекен қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің маңыздылығын түсіндіріп, оны жетілдіру жолдары туралы жанжақты ақпарат берді. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты түрлі тәуекелдерді басқару, оқыс оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз жұмыс дағдыларын қалыптастыру және ұжымдық жауапкершілік мәселелерін талқылап, өз бастарынан өткен қауіпті оқиғаларды әңгімелеп берді.  

Ақназар Мүтәліповтің пайымынша, қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі, әрине ол ең алдымен басшыдан басталу қажет, дегенмен жол жөндеуші немесе электромонтер жұмыс кезінде салғырттық танытса, оның әрекеті бүкіл жұмыс процесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайды байқаған басшы оның әрекетін дереу түзеп, бригада алдында қатаң ескерту жасайды. Өйткені жұмыстың орындалуы мен сапасы бірінші орында тұрады. Алайда, сол жұмысшы жеке қорғаныс құралдарын; көзілдірікті, касканы, арнайы киімді кимесе ше? Бұл кезде көп жағдайда басшылар үндемейді. Себебі бастысы, жұмыс уақытылы бітсе болды. Бұл көзқарас – еңбек қауіпсіздігін сақтауға салғырт қараудың айқын көрінісі. Жұмыс процесін қауіпсіз жүргізу – тек жұмысшылардың емес, ең алдымен басшылардың міндеті. Егер басшылардың өздері қауіпсіздік ережелерін сақтамаса немесе оған аса мән бермесе, онда қарапайым жұмысшылардан да оны талап ету қиынға соғатынын білдірді.  

– Еңбек қауіпсіздігі, бұл жай ғана ережелер жиынтығы емес, бұл мәдениет. Оны ұжымда қалыптастыру үшін бірінші кезекте басшылар үлгі көрсетуі қажет. Егер басшы каска кимесе, қауіпсіздік белдігін тақпаса немесе ережелерді елемесе, жұмысшылар да солай істейді. Көптеген өндірістік апаттар дәл осы салғырттықтың салдарынан орын алады. Қауіпсіздік техникасын сақтамау тек бір адамға емес, бүкіл ұжымға қауіп төндіретіндіктен басшылардың өздері қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет. Қорғаныс құралдарын қолдану жұмыс мәдениетінің бір бөлігіне айналуы тиіс.Қауіпсіздік ережелерін бұзғандарды тек сөгіспен шектемей, нақты шаралар қолдану керек, – дейді Ақназар Мүтәліпов.  

Теміржолдағы еңбек қауіпсіздігі – адам өмірін сақтаудың негізгі шарттарының бірі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмысшылар белгілі бір ережелерді сақтаумен қатар, түрлі жағдайларды талдап, алдын алу шараларын ұйымдастыруы қажет. Осы мақсатта теміржолшыларға арналған қауіпсіздік диалогының 5 негізгі түрі қолданылатыны да тренерлер тарапынан бейнероликтер арқылы себеп-салдарымен, егжей-тегжейлі түсіндірілді.  

Қауіпсіздік диалогы теміржолшыларға өздерінің жұмыс ортасында кездесетін қауіптерді талдап, сараптауға, алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Ең бастысы қауіпсіздікке немқұрайлы қарамау, ережелерді қатаң сақтау және әріптестердің амандығын қамтамасыз ету – әрбір теміржолшының кәсіби міндеті.  

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір қызметкердің міндеті. Бірақ оларды жаттау, тыңдау немесе үнемі есте сақтау кейде қиын әрі қызықсыз көрінуі мүмкін. Бір сәттік жайлылық үшін ережені бұзу бүкіл өміріңе әсер ететін қателікке ұрындыруы мүмкін. Кейде жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін елемей, тез аяқтауға тырысатындар болады. Бірақ мұндай салғырттықтың салдары қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін. Алайда ішкі тренер Ақназардың курсты қорытындылай келе айтқан салмақты сөзі тыңдаушыларды терең ойға қалдырды:  

– Қауіпсіздік ережелерін оқу, тыңдау немесе есте сақтау қиын болуы мүмкін. Бірақ оларды сақтап жұмыс істеу қиын емес. Ал бір қол, бір аяқсыз немесе бір көзсіз өмір сүру шын мәнінде қиын. Қауіпсіздік ережелерін сақтайық, қауіпсіз жұмыс жасайық! Қауіпсіздік – амандығымыздың кепілі. Өзім жарақаттың қаншалықты ауыр болатынын жақсы білемін. Бірақ ең бастысы енді мұндай жағдай ешкімнің басына түспеуі керек. Сондықтан мен әріптестерімді барынша қауіпсіз жұмыс істеуге шақырамын, – дейді ол.  

Бір күнге созылған «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсын тыңдаушылар қауіпсіздік таңдауға емес, міндетке айналуы керектігін ұғынды. Қауіпсіздік ережелерін сақтау, өз өмірін және әріптесіңді қорғау қажеттігіне көз жеткізіп, ереже талаптарын орындау қиын емес, оның салдарын көтеру әлдеқайда қиын болатындығын, әрбір қызметкер қауіпсіздікті өзінен бастауы керектігін түсіну дәрісі болды.  

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты