Теміржол бойында қараусыз жайылған мал көбейді

Қауіпсіздік
07.03.2025, 09:23
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Күн жылынып, жер қарая бастағалы теміржол бойында қараусыз жайылған мал көбейді. Бұл жағдай пойыздардың қозғалысы кезінде қауіп-қатерді арттыра түседі. Әсіресе станцияларда маневрлік жұмыстар жүргізіліп жатқанда қиындық туғызады.

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі Түлкібас жол дистанциясының бас инженері Шәмшидин Дадабаевтың айтуынша, қараусыз жүрген малдың шойын жолға шығып кетуінің салдарынан пойыздарды шұғыл тоқтатқан жағдайлар көбейген.  

– Былтыр күз айларында мал басу жағдайлары жиілеп кетті. Айналдырған екі айдың ішінде осындай 3 оқиға тіркелді. Біріншісінде, Шақпақ жолының 3411-шақырымында кешкі сағат сегіздердің шамасында шойын жолға мал шығып кетіп, №1273 жүк пойызы шұғыл тоқтаған. Арада бір жарым ай өтпей жатып, Шақпақ жоларалығының 3408-шақырымына келгенде машинист сағатына 58 шақырым жылдамдықпен келе жатқан Ақтөбе-Алматы бағытындағы №34 жолаушылар пойызының тежегішін жедел басуға мәжбүр болады. Келесі күні Сурум-Күркіресу жоларалығының 3463-шақырымында мал қағып кеткен №1256 жүк пойызы тоқтатылады. Малын қараусыз қалдырудың кесірінен локомотивтер бұзылып, кей кездерде теміржолға да зақым келді. Пойыздарды шұғыл тоқтатқанда, жүк тиелген вагондар болса, қоршаған ортаға тигізер қатері көп. Жолаушылар пойызын кенеттен тоқтатса, қозғалыс кестесі өзгереді. Оған адам факторын тағы қосыңыз. Апат орын алған участокте рельске де зақым келуі мүмкін. Мал иесіне келер шығын тағы бар. Биыл қыс жайлы болды. Күн жылынғалы бері шойын жолдың маңында жайылып жүрген мал қарасы көбейді. Қозғалыс қауіпсіздігінің алдын алу үшін елді мекендерге барып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейттік, – дейді Шәмшидин Нажимұлы.  

Кейін қараусыз қалған мал иелері табылып, қолданыстағы заңнамаға қатысты оларға әкімшілік айыппұл салынған. Жалпы теміржол маңына төрт түлігін бақылаусыз жібергені үшін мал иелері әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда ескерту немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды