Оқушыларға қауіпсіздік мәселесі түсіндірілді

Қауіпсіздік
28.03.2025, 09:12
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке станциясының қызметкерлері мен теміржол сақшылары көктемгі каникул алдында мектептерді аралады. Оқушыларға теміржол өткелдерінде сақ жүру, станция маңын ойын алаңына айналдырмау түсіндірілді.

Жіңішке – жүк станциясы. Өңірдегі ферроқорытпа және хром қоспаларын өндіретін ірі зауыттармен тікелей жұмыс істейтін бірінші класты станцияда жүк құрамдарының қозғалысы үздіксіз жүріп жатыр. Жіңішке арқылы АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Қытай, Ресей елдеріне жүк жөнелту жолға қойылған. Сондықтан мұнда қауіпсіздік шаралары басты назарда.

Теміржолшылар мен желілік тәртіп сақшыларынан құралған топ 19 наурыз күні станцияға жақын орналасқан №36 мектепке барды. Оқушылармен кездесуде теміржол өткелдерінде ілінген ескерту белгілеріне назар аудару қажеттілігі айтылды. Жіңішке станциясы жолаушыларға арналмаған, мұнда жүздеген тонна жүк тиеп, жөнелтілетін жүк вагондары өтеді. Оның жылдамдығы бөлек, шұғыл тоқтау тіпті де мүмкін емес. Сондықтан оқушыларға теміржол өткелдерінде бейқам болмау ескертілді. Осыған дейін болған қайғылы оқиғалардан мысалдар айтылды. Қауіпті аймақта бейғамдық танытып қапияда ажал құшып қаза болғандар, жарақат алған жағдайлар бойынша оқиғалар баяндалды.  

«Өткелде барлық ескерту белгілері бар. Алайда жүргіншілердің бейқамдығы басым. Жол өткелдерінде түрлі жағдайға ұшырып, жылжымалы құрам қозғалысына кедергі келтіріп жатқандар аз емес», – деді Жіңішке станциясы басшысының орынбасары Әлібек Жұмабаев.

Желілік полиция бөлімінің инспекторы оқушыларға ереже бұзу жауапкершілікке әкеп соғатынын түсіндірді. Балалардың қолымен жасалған бұзақылық, бүлдіру, жолға шығу жағдайларына ата-аналар жауапқа тартылатынын ескертті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды