Өрт сөндіру пойызы дайындықтарын шыңдады

Қауіпсіздік
31.03.2025, 15:10
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Әрине, апат айтып келмейді, сондықтан әрдайым сақтық пен дайындық қажет. Таңертеңгі 11.00-де Теңдік станциясының 5-ші жолында тұрған вагоннан өрт шықты. Вагонға тиелген тез тұтанғыш заттар жанып, цистернадан қара түтін будақтай бастады.  

Оқу-жаттығу осылай басталды. Станция кезекшісі қалалық 101 өрт сөндіру қызметі мен Ақжайық өрт сөндіру пойызына шұғыл хабарлады. Пойыз апатты дабылмен тез жинақталып, 13 шақырым жердегі Теңдік станциясына 24 минутта жетті. Келген бойда өртті оқшаулауға тырысып жұмысқа жедел кіріскен өрт сөндірушілер 11.50-де өрт ошағын толықтай жойып, қызыл жалын сөндірілді.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиевтің айтуынша, бұл жылына екі рет болатын жоспарлы өрт сөндіру оқу-жаттығуы. Теңдік станциясында алғаш рет өткізіліп отыр.  

– Теміржол көлігімен тез тұтанғыш заттарды тасымалдау кезінде туындаған төтенше жағдайларды жою тақырыбында шартты түрде өткен бүгінгі оқу-жаттығу ойынына қалалық деңгейдегі өртке қарсы қызмет және ең алдымен өзіміздің Ақжайық өрт сөндіру пойызы, әскерилендірілген теміржол күзеті, НЖС, НОД, ШЧ, ЭЧ, ДС мамандары қатысты. Барлығы 35 адам, 1 пойыз және 2 техника осы шараға жұмылдырылып отыр. Бұл жеке құрам мен өртке қатысы бар құрылымдық мекемелердің төтенше жағдайға дайындығын тексеру әрі шыңдау үшін, апатты жағдайда шұғыл шешім қабылдауға үйрену үшін қажетті шара, – дейді ол.  

«Осы шараға арнап станцияның жүк тиейтін бөлігіндегі бесінші жол бөлініп, оқу-жаттығу ойынының ойдағыдай өтуіне барлық жағдай жасалды. Және өзіміз оның куәсі бола отырып, алда-жалда апатты жағдай орын алғанда өрттің тез сөндірілетініне көз жеткіздік. «Күш – бірлікте» демекші, өрт сөндіруге жұмыла кіріскен барлық құрылымдардың дайындығы жақсы екені білінді», – дейді станция бастығының орынбасары Ізбасар Өткелбаев.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады