Жасөспірімдерге темір жолдың қауіптілігі түсіндірілді

Қауіпсіздік
22.04.2025, 09:06
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жақында ғана бір топ жасөспірімнің пойызға жармасып мініп отырған видеосы тарап, біраз шу болған. Осындай әрекеттердің алдын алу бағытында 10 сәуірден 6 мамырға дейін «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Түбектегі желілік полиция өкілдері де аталған шараның өз деңгейінде өтуіне ұйытқы болуда. Олар Маңғыстаудағы теміржол аумағында балалардың заңды өкілдерінсіз жүруінің, өз өмірлеріне қауіп төндіретін әрекет істеуінің алдын алу жұмыстарын қолға алған. Желілік полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері № 2 мектеп оқушыларына профилактикалық жұмыстар жүргізді. Оқушылармен кездесуде олардың суық қару ұстамауы (кастет, пышақ, электрошокер, т.б заңға қайшы заттар) және түнгі уақытта ата-анасыз үй-жайдан тыс жерлерде жүрмеуі, басқа да әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы түсінік берді.  

– Мұндағы басты мақсат – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, соның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және пойыздардағы бұзақылықтың, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу. Заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынады. Ата-аналарға бейсауыт уақытта балаларды қадағалаусыз қалдырмауды сұраймыз, – дейді Маңғыстау станциясындағы ЖПБ ӘПб инспекторы Әсем Тойлыбаева.  

Мұндай профилактикалық іс-шара Сай-Өтес станциясында да өтті. Станциядағы ЖПб басшысы Н.Рахметовтің хабарлауынша жергілікті полицейлер жолаушылар пойыздарында, вокзал және теміржолға жақын орналасқан аулалар мен көшелерде күшейтілген рейдтер жүргізуде.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды