Практикалық сабақтардың тиімділігі жоғары

Қауіпсіздік
29.04.2025, 09:35
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық тәсілдер: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект пен цифрландырудың рөлі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар әдеттегідей жұмыс орындарында, өндірісте қаза тапқандарды еске алуға арналған әдеттегідей 1 минуттық үнсіздікпен басталды. Жиынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС еңбекті қорғау және экология департаменті бастығының міндетін атқарушы Берлік Асқар ашып, бастапқыда жұмыс кезінде өмірден озғандарды еске алу күні ретінде аталып өтетін бұл күн бүгінде жалпыхалықтық сипат алғанын атап өтті. Сондықтан әрдайым еңбек қауіпсіздігін ойлаудың маңызы зор. Айтуынша, 2024 жылы ҚТЖ бойынша барлығы 89 қауіпсіздіктің бұзылу жағдайы орын алса, оның ішінде өндірісте 29 жағдай тіркелген.  

Бөлімшенің кәсіподақ төрағасы Боранбай Қамиев өз сөзінде еңбек қорғау шаралары кәсіподақтың ажырамас бір бөлігі екенін жеткізіп, сол себепті осы саланы ұйымдастыру шеберлігін арттыру, техникалық инспекторлардың жұмысын жандандыруға басымдық беру қажеттігіне тоқталды. Әрине, өмір болған соң кездейсоқтық болмай тұрмайды. Мәселен, былтырғы жылы 2 жазатайым оқиға орын алыпты. Екеуі де оқыс оқиға десе болады. Біріншісінде машинист байқаусызда аяғын ауыртып алған болса, екінші жағдайда жүк қабылдап-жөнелтушіге өз міндетін атқарып жүрген кезінде қаңғыбас иттер шабуылдаған. Екі жағдайда да жұмысшыны кінәлай алмайсың. Соған орай семинар барысында қауіпсіздікті сақтаудың маңызын білдіретін бірнеше тағылымды бейнероликтер көрсетілді.  

Бөлімшенің еңбек қорғау және экология бөлімінің бастығы Гаухар Бержанова өз баяндамасында теміржол саласында жасанды интеллектіні енгізу арқылы қозғалысты басқару, диагностика және техникалық қызмет көрсету, жолаушылар және жүк ағынын басқару, ЖИ енгізудің артықшылықтары, оны мемлекеттік деңгейде қолдау, шет елдердің тәжірибесі жөнінде әңгімеледі. Содан кейін Атырау қалалық апатты медицина орталығының мамандары талып қалғанда немесе жарақат алған кездегі алғашқы медициналық жәрдем беру үлгісін көрсетіп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Қатысушылар өздері жүрекке массаж арқылы дем беру, дәкемен орау, т.б. көмек түрлерін жасап көрді.  

Семинар барысында станциялардан келген еңбек қорғау мамандары өндірістік қауіпсіздік ті арттыруға бағытталған ұсыныстарын қорғады. Яғни әртүрлі қауіпсіздіктің алдын алу үшін қандай шаралар қолданған жөн, қандай жаңашылдықтар енгізуге болады, нені білген жөн деген бағытта. Мәселен, медициналық тексеруден биометриялық қондырғы арқылы өту, электронды куәлік қолдану, т.б. Ой сергіту мақсатында «Карусель», «Алғашқы көмек қобдишасын жинау», «Қауіптілерді анықта», «Филворд», «Қауіпсіздік белгісін тап» ойындары ойналып, жеке қорғаныс құралдарын тез кию, сурет салу жарыстары өтті. Соңында еңбек қорғау бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген қызметкерлер аталып, арнайы сыйлықтармен марпатталды.

– Әрине, теміржол саласындағы қауіпсіздікті сақтауда алдын алу шараларының алатын орны ерекше. Соған сәйкес, орын алған төтенше оқиғаларды жедел зерттеу, қауіпсіздік мәселесіне жанама әсер ететін нақты регламенттерді, жұмыс барысына сапалы мониторинг жүргізуді қатаң түрде сақтаудың маңызы зор. Қауіпсіздікті сақтауда практикалық сабақтардың тиімділігі жоғары болатыны да сөзсіз. Бұл бағытта қауіптілігі аса жоғары аймақта жасайтын жұмысшыларға қауіпсіз жұмыс жасау іс-тәжірибесін көрсету бойынша сабақтар өткізіліп келеді. Теміржолшылардың үнемі дала өтінде жүретіні белгілі. Сондықтан еңбек гигиенасы, суықта қалай жүру, ыстықта өзін қалай ұстау, қатты жел кезінде қалай әрекет ету мысалдары да қажетті дүниелер. Сол мақсатта және бүгінгі ЖИ мен цифрландыруға байланысты семинар өткіздік. Оған станция басшылары, еңбек қорғау мамандары, деполары мен станциялардың еңбек қорғау инженерлері қатысты. Әрине, мұндай шаралардың жұмысшыларға, мамандарға берері мол деп ойлаймыз, – дейді бөлімшенің қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлім бастығы Гаухар Бержанова.  

 

Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар