Құрылғылар жұмысы қадағалануда

Қауіпсіздік
16.05.2025, 08:54
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жыл басынан бері апатты немесе оқыс оқиғаларға жол бермеген.

Бұл – теміржолшылардың кәсіби біліктілігінің, жауапкершілігінің және өз міндеттерін атқарудағы жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Дистанциялықтардың алдына қойған басты мақсаты – теміржол көлігінің үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, сонымен қатар еңбек адамдарының амандығын сақтау.  

Осы ретте дистанция басшысы Әбдірахман Сырлыбаевтың теміржолшылардың еңбегін жоғары бағалап, олардың атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығына ерекше назар аударатынын айтып өткен жөн. Оның пікірінше, ШЧ Қызылорда теміржолшылары өз міндеттерін абыроймен атқарып, теміржол көлігінің қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін үлкен үлес қосып келеді.  

– Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарады. Біз өз міндеттерімізді орындауда тек техникалық құралдарды жаңарту немесе ауыстырумен ғана шектелмейміз, ең бастысы адамдардың қауіпсіздігі мен амандығын бірінші орынға қоямыз. Біз тұрақты түрде жаңа технологиялар мен заманауи жабдықтарды енгізу арқылы теміржол жүйесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға күш саламыз, – дейді дистанция бастығы.  

Дистанциялықтар тарапынан өткен айда бірнеше маңызды техникалық, жоспарлы, ағымдық күтім, құрылғылардың бабын жасау жұмыстары атқарылған. Мәселен, олар Сұлутөбе станциясында орын алған Н2 шығыс сигналының бұғатталуынан УКПС және ҚМУ құрылғыларының іске қосылуына байланысты тексеру жасап, орын алған олқылықты толық зерттеп, жауапты тұлғалар кемшілікті техталапқа сай болуы үшін шұғыл әрекет етіп, жөнге келтірген.  

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары техникалық ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруда да жоғары белсенділік танытып отыр. Олар Шорнақ станциясында №5 ажыратқыштың СП-6 электр жетегін ауыстырса, Шиелі станциясында (ЧД, М4, Н6, Н10 және ЧМ10 сигналдары) бағдаршамдарының тетіктері алмастырылған. Боройнақ теміржол учаскесінде №6 ажыратқыштың СП-6 электр жетегі жаңартылған. Жаңақорған станциясында СП-6 электр жетегінің №4 ажыратқышын алмастыру жүргізілген. Сонымен қатар Боройнақ бекетінде №10 ажыратқыштағы СП-6 электр жетегі, сондай-ақ Шиеліде СП-6 электр жетегінің №94 ажыратқышы 15СС электр жетегіне ауыстырылған. Қаракеткенде СП-6 электр жетегінің No15СС ажыратқышына ауыстыру жұмыстары да табысты аяқталған. Бұл жұмыстар теміржол инфрақұрылымының жоғары деңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген маңызды қадамдар болды.  

Маневрлік бағдаршамдар қауіпсіздік шараларының басты нүктесі саналады. Шиеліде маневрлік бағдаршамның басын М42 бағдаршамға орнату және ауыстыру жұмыстары аяқталды. Бұл – жұмыс теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды шара. Дистанциялықтардың әрбір күні, атқарып жатқан әрбір жұмысы теміржол үшін үлкен маңызға ие. Бұл тек олардың кәсіби деңгейі мен шеберлігін көрсетіп қана қоймай, бүкіл ұжымның осы салаға деген адалдығын, жауапкершілігін және өз міндеттеріне деген құрметін дәлелдейді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады