18 мамыр күні сағат 17:35–те Жетісу облысы Матай стансасындағы теміржол өткелінде «Mitsubishi Pajero» маркалы жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Алайда көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда оның тұлғасы анықталып жатыр.
Оқиғаға жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы себеп болған.