Теміржолдағы тәртіп: жол ережесін бұзғандарға айыппұл көбейді

Қауіпсіздік
27.05.2025, 09:18
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ екенін теміржолшылар құқық қорғау органдары өкілдерімен бірлесіп, халық арасында және көлік жүргізушілеріне түсіндірумен келеді. Десек те, бұл үгіт-насихат жұмыстарына құлақ аспайтындар жетерлік. Енді жол ережесін бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшерінің өсуі қауіпсіздіктің сақталу деңгейін арттыра түседі деген үміт бар.

2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. ҚТЖ мен құқық қорғау органдарының бастамасымен енгізілген түзетулер теміржол қауіпсіздігі мен теміржол өткелдерін кесіп өту ережелеріне қатысты бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтеді.  

Сонымен 559-бапқа сәйкес, айыппұл санкциялары келесі іс-әрекеттерге қатысты күшейтілген. Айталық, ат арбаларының (шаналардың) жүру және темір жолдар арқылы жануарларды айдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ темір жолдарға бөлінген белдеуде мал жайған жағдайда – (2025 жылға АЕК 3 932 теңге болған кезде) айыппұл 5 АЕК немесе 19 660 теңгені құрайды. Осы бапта ескерту бойынша әкімшілік жаза алынып тасталынған. Сондай-ақ бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік енгізіліп, айыппұл 10 АЕК (39 320 теңге) құрап отыр.  

Белгіленбеген орындарда темір жолды кесіп өту айыппұлы 3 АЕК (11 796 теңге) құрап отыр. Егер бұл іс-әрекет бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл 5 АЕК немесе 19 660 теңгені құрамақ. Бұл жазалау шарты заңға бірінші рет енгізіліп отыр. Мұнда да ескерту ретінде әкімшілік жаза алынып тасталынған.  

Темір жолдағы өзекті мәселенің бірі – бұл өткелде орын алып жататын жол-көлік оқиғалары. Бұл өз кезегінде, пойыздарды шұғыл тежегішті қосып, тоқтатуға әкеледі. Жол-көлік оқиғаларына негізгі себеп, автокөлік жүргізушілерінің ескерту белгілері мен сигналдарды елемей, қауіпсіздік қағидаттарын өрескел бұзуы болып отыр.  

Осыған байланысты 607-бапқа сәйкес, өткелден тыс жолдарды кесіп өткен жағдайда, жабық шлагбаум немесе тыйым салу сигналы жанып тұрғанда өткелге шықса, сондай-ақ өткелде тоқтауды қоса алғанда, теміржол өткелдерінің жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл екі есеге 20 АЕК-ке, яғни 78 640 теңгеге дейін ұлғайтылған.  

Мамандар, бұл бапта алғаш рет, жол ережесін бұзушылық көлік құралдарына немесе мүлікке зақым келтірген жағдайда, тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы енгізілгенін айтып отыр.  

 

Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд