Дала өртіне даярлық жоғары

Қауіпсіздік
03.06.2025, 08:35
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі аумағында жоғары деңгейдегі дала өртінің қауіпті кезеңі басталды. Қоңыр күзге дейін созылатын бұл уақыт теміржолшылар қауымын сақтық танытуға, кез келген тосын жайтқа әзір болуға мәжбүрлейді.

Бөлімшеге қарасты мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің басшысы Мұрат Мұқажановтың айтуынша, жергілікті өрт сөндіру пойыздары кез келген тосын жайтқа дайын. Соңғы даярлық жұмыстары биылғы көктемгі комиссиялық бақылау кезінде тағы бір мәрте толыққанды пысықталып, өрт сөндіру іс-қимылдарына әзір екендігін көрсетіп берді. Осы орайда теміржол арқылы өртті сөндіру үшін қажетті инженерлік техникаларды тасымалдау мүмкіндігі де қайта қарастырылды.  

Жалпы, жыл басталған бес айдың ішінде өрт сөндіру пойызы бірнеше мәрте бөлімше көлеміндегі қызыл жалын орын алған жерлерге барып, тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысты.  

Мәселен, наурыз айында Семей станциясының өрт сөндіру пойызы жалпы аумағы 1 600 шаршы метр болатын, дәл станцияның іргесіндегі астық қоймасындағы ірі өртті сөндіруге 200 тонна су жеткізді. Сол тәрізді өткен 5 мамыр күні қала іргесіндегі қоймада орын алған, жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын қызыл жалын да өрт сөндіру пойызының көмегімен сөндірілді.  

Жалпы, осыған дейін өткізілген іс-шаралардың барлығы төтенше жағдай уақытында жедел қимылдаудың алгоритмін пысықтауға мүмкіндік берген. Алдыңғы және өткен жылғы орман өрттері кезінде де Семей станциясындағы өрт сөндіру пойызының көмегі зор болған еді. Мәселен, қаладан жүздеген шақырым қашықтықтағы, автокөлік кіре алмайтын қалың орман ішіне теміржолшылар жедел аралықта 100 тоннадан астам су мен 5 тоннадан да көп көбік жеткізе алатыны осыған дейін дәлелденген болатын. Сонымен қатар жағдай ушығатындай болса, қосымша Аягөз және Өскемен-1 станцияларынан да тағы екі өрт сөндіру пойызы жедел түрде көмекке келе алады.  

Десек те, биылғы құрғақшылық теміржолшыларды да алаңдатып отырған жайы бар. Мәселен, жыл басынан бері облыс аумағында 1 орман өрті, 1 дала өрті және 66 құрғақ шөптің жану фактісі тіркелген. Осының өзі жазғы маусымда мейлінше сақ болуды, қамсыз қалмауды міндеттейді.  

Өрт оқиғаларының ішіндегі ең қауіптісі – әлбетте орман өрті. Семей ЖТ бөлімшесінің 119 шақырымды құрайтын Семей – Локоть телімі, яғни «Солтүстік тармақ» осы қалың орман ішімен өтеді. Бұл орайда теміржолшылар қауымы өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған 170 адамнан тұратын 38 мобильдік топпен, сондай-ақ «Семей орманы» резерватымен тығыз ымыраластықта жұмыс жүргізбек. Сонымен қатар өрт ошақтарын ерте анықтап, жедел қимылдау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимыл шеңберінде термиялық нүктелердің космомониторингі де қамтамасыз етілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар ел үкіметінің де назарында тұр.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты