Жіңішке станциясында рейд ұйымдастырылды

Қауіпсіздік
09.06.2025, 13:57
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі бірінші класты Жіңішке станциясы халықаралық жүк тасымалын ұйымдастырып отыр. Шетелдік жылжымалы құрамдарды қабылдап отырған станцияда қауіпсіздік басты назарда.  

Жіңішке станциясында 67 кірме жол бар. Мұнда тәулініне 300-ге жуық вагон тиеледі. Сондықтан қауіпсіздік шаралары тұрақты бақылауда.  

Жіңішке станциясы бастығының орынбасары Әлібек Жұмабаев, станция инженері Анар Мұқанова және Ақтөбедегі желілік полиция бөлімінің инспекторларының қатысуымен кезекті рейд шараларын өткізді. Жүргіншілерге жадынама таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

“Станция аумағы, Махамбет тұрғын алабын аралап, әңгімелесу жүрді. Теміржолда бөгде адамдардың жүруге болмайтыны, жолаушылар вагондарының әйнектерін сындырмау туралы түсіндірілді. Рейд кезінде стратегиялық аймақта жол жүру ережесін бұзған адамдар әкімшілік жауапқа тартылды”,- дейді станция инженері Анар Мұқанова.  

Теміржолшылар мен тәртіп сақшыларын стратегиялық аумақта бөгде адамдардың бейқам жүрісі алаңдатып отыр. Олардың қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, пойыздар қозғалысына кедергі келтіруі жылжымалы құрамдарды шұғыл тоқтату жағдайларын болдырмаудың алдын алды.  

Төрт түлік малдың жолға шығып, қоршауларды бұзып кету дерегі азаймай отыр.  

Рейд кезінде бір адам әкімшілік жауапқа тартылып, бірнеше жүргіншіге ескерту берілді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды