Өрт сөндірудің заманауи әдістері талқыланды

Қауіпсіздік
03.07.2025, 12:18
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жаз маусымы – өрттің де күшейетін кезі. Сондықтан темір жолдағы өрт қауіпсіздігі қызметкерлерінің дайындығы артқан. Көкшетау қаласында Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет (МӨҚҚ) қызметкерлеріне арналған «Объектілерді өрттен қорғау және өрт қауіптілігін талдаудың заманауи әдістері» тақырыбында семинар өтіп, тілсіз жаумен күрестің сан қырлы тәсілдері талданды.  

Семинарда МӨҚҚ тобының жетекшісі Бақытжан Ділімбетов теміржол көлігі объектілерін жобалаудың өрт-техникалық сараптамасына тоқталса, Ақмола облысы бойынша ПҚҚБ ұйымдастыру департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Руслан Базарбаев «Төтенше жағдайлар кезінде Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Ақмола облысы МКҚК өзара іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында баяндама жасады.  

Семинар барысында «Объектілерді өртке қарсы қорғау жүйелерімен қамтамасыз етудің нормативтік базасы», «Ақмола жол бөлімшесінде төтенше жағдайларды жою үшін өрт сөндіру пойыздарының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету», «Қауіпті жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Семей қаласындағы НОД-ГП шекарасындағы объектілердің өрт қаупін бағалау критерийлері», «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын даярлау» тақырыптары жан-жақты ашылып, талқыланды. Бұл қатысушыларға тың мол мағлұматтармен танысып, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.  

– Сонымен қатар семинар барысында жанармай қоймасындағы резервуардан шыққан өртті сөндіру тақырыбы бойынша өрт-тактикалық жаттығуы өтті. Оқу-жаттығу келісілген іс-қимылдарды әзірлеуге, жедел басқару шешімдерін қабылдауға, зардап шеккендерді эвакуациялау, күштер мен құралдарды есептеу, РВС-3000м3  резервуарындағы шартты өртті жоюға бағытталды. Төтенше жағдайлар департаменті, Өрт сөндіру қызметі және басқа да салалық қызметтедің өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеудің тактикалық жоспарына сәйкес мақсаттар мен міндеттер пысықталды. Сонымен қатар семинарға қатысушыларға Көкшетау жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Колледж оқытушылары заманауи апаттық-құтқару гидропневматикалық жабдықтарын, тыныс алу аппараттарын, өрт автоматикасы қондырғыларының стендтерін, жұмысшыларды тыныс алуға қолайсыз ортада жұмыс істеу барысында психологиялық және физикалық тұрғыдан дайын болу үшін жылу және түтін камералары кешенін көрсетті, – деп ақпарат берді Бақытжан Ділімбетов.  

Семинар соңында қатысушылар «Жанармай қоймасының өрт-техникалық тексеруі (ӨТТ)» тақырыбындағы іскерлік ойынына қатысып, бір сергіп қалды. Бұл ойын барысында қатысушылар 3 топқа бөлініп, өзара білім-тәжірибелерін сынға салды. Қатысушылар іскерлік ойынның ережелерімен танысып, оларға тапсырмалар беріліп, өрт қауіпсіздігі стандарттарының талаптары оқытылды, объектілерге  өрт-техникалық тексеру жүргізілді. Сараптамалық комиссия топтардың жұмысын бағалап, ашық дауыс беру қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Семинар ТЖҚ қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру,  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында уәкілетті орган мен теміржол көлігі ұйымдарының өзара іс-қимылын арттыруға оң ықпал еткені анық. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде  ұйымдастырылып және өткізілгенін жеткізді.  

 

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды