Никельтау станциясында далалық өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу өтті

Қауіпсіздік
08.08.2025, 09:51
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбенің Никельтау станциясында далалық өртпен күрес шараларын пысықтаған тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің техникасы мен жеке құрамы қатысқан кешенді шарада дала өрттерін сөндіру, теміржолға жақындатпау, алдын алу шаралары көрсетілді.  

«Оқу-жаттығудың басты мақсаты барлық қатысушылардың ықтимал қауіпсіздік қатерлеріне жедел ден қоюға дайындығын тексеру, сондай-ақ нақты қауіп төнген кезде жедел қызметтер мен ҚТЖ персоналы арасындағы іс-қимылдарды үйлестіруді жетілдіру болып табылады. Кешенді шара ауқымды өтті. Бірнеше станция өкілдері, ауыл құтқарушылары жұмылдырылды. Мұндай шаралар қауіп кезінде сауатты әрекет етуді нақтылап береді. Шара Хромтау ауданы ТЖ бөлімінің ұйымдастыруымен өтті», – деді Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің басшысы Әділ Құбаев.  

Жаттығуға Қандыағаш өрт сөндіру пойызынан 12 адам, Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің басшылық құрамы және Хромтау, Қарғалы аудандарының Төтенше жағдай бөлімдері қатысты. Сонымен қатар станциядағы вагон депосы, жол дистанциясы, байланыс дистанциясы қызметкерлері де қалыс қалған жоқ.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды