Жолаушылар вагонынан өрт шыққанда...

Қауіпсіздік
11.08.2025, 11:56
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиалына қарасты Ақтөбе өрт сөндіру пойызы кезекті оқу-жаттығу шарасын өткізді. Өрт сөндіру жоспары азаматтық қорғаныс қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.  

Сценарий бойынша жолаушылар пойызында дабыл қоңырауы соғылды. Вагонның электр қалқанындағы тоқ қысқа тұйықталып, өртке ұласқан. Жолаушылар вагонын иіс, түтін алып кетті. Құтқарушылар әп-сәтте вагонды салқындатып, өрттің ұлғайып кетпеуін қадағалады. Екі звено көбіктендіргіш қолданып, жалынның күшін басты.  

Оқу-жаттығу Ақтөбе өрт сөндіру пойызы бастығы Бауыржан Файзуллаұлының жетекшілігімен өтті. Жеке құрамнан 15 адам қатысты. Тактикалық тәртіптен ауытқымай, қауіп кезінде орындалуға тиіс маңызды әрекеттер көрсетілді. Өрт сөндіруші Асұлан Құдайбергенов пен көлік жүргізуші Мейрамбек Есенғұлов және ГТҚҚ шебері өрт шыққан вагоннан кеміртегі тотығына уланған адамды дереу носилкамен алып шығып,  медициналық қызметкерлердің қолына тапсырды. Ал өрт сөндірушілер Айдос Сисенғалиев пен Мақсат Нұрмағамбетов айналадағы ғимараттарға өрт ұлғайып кетпеуі үшін лезде су бүрку арқылы жалын күшін басты.  

Сонымен қатар өрт жеңдерін жөндеу шебері Анарбеков пен өрт сөндіруші Асылхан Ешмағамбетов көбіктендіргіш беру арқылы жолаушылар вагонын толықтай залалсыздандырды. Апаттық оқиға болған жерде қауіп толықтай жойылды. Осылайша, берілген тапсырма уақытында орындалып, оқу-жаттығу іс-қимылын жедел әрі сауатты, шапшаң орындаған құтқарушылар әрекеті жоғары баға алды.  

«Нағыз апаттық жағдай шынайы көрсетілді. Әрекеттер де соған сай болды. Өрт туралы хабарландырған сәттен бастап әр әрекет сауатты атқарылып, қауіпті аймақтан эвакуациялау, қауіптің алдын алу кезіндегі қозғалысқа мән берілді. Тактикалық жаттығудың негізгі мақсаты да осы. Жалпы кез келген адам төтенше жағдай кезіндегі ереже-талаптарды білуі тиіс», – деді Ақтөбе өрт сендіру пойызы бастығы Бауыржан Файзуллаұлы.

Мұндай оқу-жаттығулар қызметтердің ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындық деңгейін арттыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖ салдарын азайту үшін тұрақты өткізіліп тұрады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды