Белгіленбеген жерден өту — теміржолдағы басты қауіп

Қауіпсіздік
11.08.2025, 13:01

2025 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 972 фактісі тіркелді. Оның 211-і жол бойында адамдардың болуына байланысты, ал 725-і үй жануарларының кесірінен орын алған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 29 350 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында көлік полицейлері теміржол қызметкерлерімен бірлесіп тұрақты түрде алдын алу шараларын жүргізуде. Алайда, жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, азаматтардың теміржол көлігі жарақатын алуы жалғасуда.

Осы уақыт ішінде жылжымалы құрамның астына 41 адам түсіп, олардың  тең жартысы көз жұмды. Зардап шеккендер арасында кәмелетке толмағандар мен кішкентай балалардың болуы қынжылтады.

«Қайғылы жағдайлардың негізгі себебі әлі де азаматтардың қауіпсіздік ережелерін бұзуы мен темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өтуі болып табылады. Сонымен қатар, теміржол нысандарында алкогольдік мас күйінде жүріп жазымға ұшырағандар да бар. Бұл жағдайлар адам өліміне, пойыз қозғалысының кестесінің бұзылуына, тіпті апаттық жағдайлардың туындауына әкеледі», -деп мәлімдеді департамент.

Мәселен, тек соңғы тәулікте Қостанай және Жетісу облыстарында екі оқиға тіркелді. Екі жағдайда да азаматтар темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткен. Машинистердің шұғыл әрекет етуінің арқасында пойыз тоқтап, қайғылы жағдайлардың алдын алу мүмкін болды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады