Локомотивтерге бейнетіркегіштер орнатылуда

Қауіпсіздік
04.09.2025, 21:18
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС бойынша 76 жолаушылар локомотивіне бейнетіркегіштер орнату жоспарланған. Соның 60 локомотиві биыл жабдықталса, осы жылдың соңына дейін тағы 5 локомотивке бейнетіркегіш орнатылмақ. Ал қалған 11 локомотив келесі жылы жабдықталады деп күтілуде.

Кәсіпорын басшылары бұл жабдықтарды орнатудағы мақсат – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтып отыр. Себебі жол бойында жолаушылар пойыздарына зақым келтіретін жайттардың орын алып жататыны жасырын емес.

Мәселен, 2025 жылдың жеті айында шұғыл тежегішті қолдана отырып, жолаушылар пойыздарының мал-жанмен соқтығысқан 150-ден астам оқиғасы тіркелген. Әрине бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 17,5% төмендеген. Десек те, бұл оқиғалардың өзі кәсіпорынға үлкен қаржылық шығын әкеліп отыр.  

Локомотивтердің малмен соқтығысуы салдарынан серіктестіктің локомотивтеріне, яғни локомотивтің қаптамасы, вагондардың жылыту розеткалары, ALSN қабылдау катушкалары, жол тазалағыштар, буферлік шамдар, автотіркеу тетіктері, локомотивке көтерілуге арналған баспалдақтар және т. б. айтарлықтай зақым келген.  

– Локомотивтердің зақымдануына байланысты кәсіпорын жөндеуге қатысты өндірістік емес шығындарға ұшырап отыр, ал жекелеген локомотивтер құрамдас бөліктердің болмауына байланысты ұзақ уақыт тұрып қалады. Бұл өз кезегінде жүк қозғалысынан локомотивтерді жалға алуда қосымша шығындарға, ал оның салдары жүк пойыздарының тоқтап тұруына әкеліп жатады, – дейді «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС мамандары.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады