Қызылорда теміржолында күзгі комиссиялық тексеру өтті

Қауіпсіздік
07.10.2025, 08:59
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордада күзгі комиссиялық тексеру биыл өңірдің солтүстігіндегі Сексеуіл – Қоскөл телімінде басталып, Сексеуіл – Қызылорда аралығында жүргізілді. Одан әрі Шорнақ – Шиелі– Белкөл станциялары арасында жалғасып, аймақ теміржолының барлық қыры жіті бақылаудан өтті.

Күзгі комиссиялық байқау – бүкіл шаруашылықтың, әрбір құрылғының, вагон мен локомотивтің, ғимараттар мен имараттардың, жалпы салалық нысандардың барлығын түгел сын тезінен өткізіп, әрбір бұйрық-нұсқаулықтың орындалу деңгейін таразылайтын үлкен сынақ. Қағаз бетіндегі құжаттан бастап жол бойындағы жасанды құрылыстар мен өндірістік нысандардың жағдайына дейін назарға алынады.  

Қызылордалық комиссиялық топтың құрамында Жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев, бас инженер Күлхан Белкібаев, кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков, Қызылорда аймақтық қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлары аппаратының өкілдерін бастап келген Алмат Молдашев, сондай-ақ «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов және салаға қарасты мекеме, бөлім басшылары болды.  

Байқау барысында шаруашылық-техникалық ахуал емес, сонымен бірге жеке құрамның әлеуметтік жағдайы, алдағы қысқы маусымға дайындық мәселелері де назардан тыс қалмайды. Өйткені теміржол  шылардың еңбекке деген ынтасы мен тұрмыс жағдайы да қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей ықпал ететіні анық.  

Шорнақ пен Шиелі станциялары аралығында жүргізілген комиссиялық тексеріс барысында Қызылорда аймақтық қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлары аппаратының өкілдері тарапынан 21 түрлі шектеу жасалды. Ревизор Әмірхан Жүсіпбековтің айтуынша, Шорнақ бекетінде анықталған басты олқылық – жай ғана техникалық ақау емес, пойыздар қозғалысына тікелей қауіп төндіретін фактор. Сол себепті ол жерде пойыздардың жылдамдығына шектеу қойылды.  

«Біз үшін ең бастысы – қозғалыс қауіпсіздігі. Бір рельстің ақауы бүтін пойыздың тағдырына әсер етуі мүмкін. Бір күн ішінде тексеру жүргізілген Шорнақ – Шиелі станциялары арасындағы телімдерде пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 21 түрлі шектеу енгізілді. Оның ішінде бір теміржолшының талоны тәркіленіп, төрт жерде ауыстырып-қосқыш жабылды, екі жерде жолдағы жылдамдық шектелді», – дейді ревизор.  

Ал Шиеліде жүргізілген тексеріс кезінде телім бойында жаңадан жаңғыртылып пайдалануға беріліп жатқан нысандар басты назарға ілікті. Мысалы Бәйгеқұм станциясында жол жөндеушілер үшін жаңартылып, жаңғыртылған жолшылар қосыны комиссия тарапынан жоғары баға алды. Желі бойында жүретін жолшылар үшін барлық жағдай жасалған, жол жөндеушілердің құрал-саймандарын сақтайтын орын да қарастырылған.  

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?