«Қауіпсіздік күні»: Сексеуіл депосының басшылығы нысандарды тексерді

Қауіпсіздік
16.01.2026, 08:30
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Аптаның әр сәрсенбісі «Қауіпсіздік күні» болып саналатын темір жолда жол бөлімшелерінен бастап ірілі-ұсақты мекемелерге дейін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Сексеуіл локомотив пайдалану депосының басшылығы осы аптада Сексеуіл – Шалқар бағытына сапарға шығып, депоға қарасты нысандарға тексеру жүргізді.  

Депо бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Еркебұлан Аяғанов Шалқар айналым депосына барып, локомотив бригадаларының сапар алдында өтетін медициналық тексеруіне қатысып, көзбен көрді. Сонымен қатар локомотив бригадаларының демалыс үйіне барып, машинистер мен олардың көмекшілерінің тынығып, демалуына жасалған жағдайды тексерді.  

– Машинистердің сапар алдындағы және кейінгі медициналық тексеру барысын қарай отырып, онда алғашқы көмекке қажетті заттар, келісімшартта көрсетілген дәрілердің болуы, локомотив бригадаларының қан қысымын өлшейтін құралдардың жұмысын тексердік. Ал демалыс үйінде жуынатын, ас ішетін орындардың, жағдайын көріп, талапқа сай ма, локомотившілер тарапынан шағым жоқ па, қандай мәселелер бар, жанжақты саралауға тырыстық, ұсақ-түйек кем-кетіктерді жоюға күш салдық, – дейді Е.Аяғанов.  

Сонымен қатар Шалқар жөндеу депосында Сексеуіл локомотив пайдалану депосының тіркеліміндегі 2ТЭ25КМ сериялы тепловоздарды күрделі жөндеу процестері бойынша жұмыстар қаралып, өзара тәжірибе алмасу жайы және алдағы уақытта атқарылатын жоспар талқыланған.  

– Жалпы өткен жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындыладық. Тепловоздардың жолда бұзылып қалып, жоспарсыз жөндеуге жіберілуі 10 пайызға азайды. Биылғы қарқын да жаман емес, барлық жұмыс рет-ретімен атқарылуда. Бірінші кезекте теміржолшылардың әлеуметтік жағдайын жасауға баса көңіл бөлінуде, – дейді депо бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады