Темір жолда тәуекелге жол жоқ

Қауіпсіздік
13.02.2026, 09:23
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қауіптілігі жоғары аймақ саналатын темір жол – тәуекел етіп, экстрим жасайтын жер емес. Кенеттен жолға адам немесе көлік, мал шығып кеткен жағдайда ауыр жүк немесе жолаушы құрамын сүйреткен пойыз тежегішті басқанмен бірден тоқтай алмайды. Бұл – физика заңдылығы, оған тоқтау үшін ең кемі 1000-1600 метр қашықтық қажет.

Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Жамбыл учаскесі бойынша бас ревизоры Медет Қолдасов осылай дейді. Айтуынша, шойын жол бойындағы қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түспесе де, келеңсіз жайттар азаймай отыр. Өткен қаңтар айында Қаратау станциясында оқыс оқиға орын алған. Тежегішті шұғыл басқанымен, жүк пойызы жол үстіне шығып кеткен адамға жеткенше тоқтап үлгермеген. Нәтижесінде зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетіліпті.  

– Түрлі дене жарақаттарын алған науқас қазір емдеу мекемесінде дәрігерлер бақылауында. Локомотив бригадасы жедел шешім қабылдап, пойызды тоқтатуға тырысқанымен, жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Себебі ауыр жүк тиелген құрамды тоқтату – жеңіл көліктің тежегішін басқанмен бірдей емес. Бұл – тек тікелей қауіп төнген кезде қолданылатын төтенше шара. Жылдамдықпен келе жатқан локомотив құрамдағы вагондар және жүктің инерциясымен біраз жерге дейін жылжып барып тоқтайды. Ал оның салдары шойын жол өткеліндегі жұмысшы, темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен адам үшін де, тіпті пойыздағы құрам, жолаушылар үшін де ауыр соғуы мүмкін.  

Аймақтың бас ревизорының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты темір жол бойында салдары өте ауыр соққан бірнеше келеңсіз қайғылы оқиға тіркелген. Оның біреуінде жүк пойызы төрт бірдей теміржолшыны басып кетіп, соңы орны толмас өкінішке әкеліп соқты. Өткелді жабық кезде кесіп өтпек болған көлікпен соқтығысқан 5 фактінің үшеуі тағы өліммен аяқталған...  

– Мысалы, былтыр қыркүйек айында №4884 Тараз – Жаңатас учаскесінің Аса – Жұма аралығында 53 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан «Тойота Альфард» маркалы жеңіл автокөлігі күзетілмейтін, реттелмейтін теміржол өткелінде пойызбен соқтығысқан. Машинадағы бір адам сол жерде көз жұмып, қалған бесеуі Аса ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүргізген сараптама жұмыстарының қорытындысы жол-көлік оқиғаларының барлығында жүргізушілердің жол ережесін өрескел бұзуы себеп болғанын көрсетіп отыр.

Өткен жылы бөлімше аумағында 96 мал басу оқиғасы тіркелген. Оның 47-сінде соқтығысқан құрам жолаушылар пойызы болған. Мал иелері төрт түлігін қараусыз жіберіп, сапар үстіндегі қаншама жолаушының өміріне қауіп төндірді, – дейді Медет Қолдасов.  

Аймақтың бас ревизоры стандартты емес жағдайларда шұғыл тежегіштерді қолданған кезде жылжымалы құрам мен темір жолдың тез тозуы байқалатынын атап өтті. Сондай-ақ пойызды шұғыл тоқтатудың салдарынан инфрақұрылым элементтері – тежеу жүйесінің тозуы, тартылу кезінде вагондар арасындағы ілінісу құрылғыларының зақымдануы, жолдың, рельстердің зақымдануы, сырғымалар, вагондар дөңгелектерінде ойықтардың пайда болуына әкеліп соғатынын да жасырмады.  

Құқық қорғау органдары, станция қызметкерлері, желілік полиция бөлімшелерінің мамандары темір жол бойындағы елді мекен тұрғындарының арасында профилактикалық іс-шараларды үздіксіз жүргізіп жатқанымен, локомотивтердің автокөлікпен соқтығысуы, пойыздардың мал басу қаупі әлі күнге сақталып қалып отыр. Келеңсіз жайттардың алдын алудың кешенді шаралары да қабылдануда. Десе де, шаруалар төрт түлігін жол бойына жаюын қояр емес. Жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де өткелді кесіп өтуге асығып тұратын көрінеді.  

 

Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды