Көктемгі байқау басталды

Қауіпсіздік
03.04.2026, 09:40
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарында көктемгі комиссиялық тексеру басталды. Жаз маусымы алдындағы емтихан іспеттес бұл дәстүрлі байқау ел өңірлерінің климаттық жағдайларына байланысты екі түрлі кезеңді қамтып отыр.

Мәселен, Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде көктемгі тексеріс осы жылдың 26 наурызынан басталып, 23 сәуірге дейін жалғасатын болса, ал еліміздің солтүстік және шығыс аймағында 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында жүргізіледі.  

Тексеру инфрақұрылымды тасымалдаудың жазғы кезеңіне дайындау шеңберінде жүргізіледі. Тексеру барысында жылжымалы құрамның, жол мен инфрақұрылымның техникалық жай-күйі, сондай-ақ объектілердің және техникалық құралдардың жағдайы бағаланады. Бұл жұмыс пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, еңбекті қорғау, техника және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға бағытталған. Жұмысшылардың еңбек жағдайларына ерекше назар аударылмақ.  

Бүгінгі таңда өңірлерде комиссиялар құрылып, кестелер бекітілген және мамандардың желі бойына шығуы, теміржол мекемелерін аралауы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және теміржол инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Су басуға бейім учаскелерде су және мұз өткізу құрылыстарын тазарту, жер төсемін нығайту жүргізіліп, су деңгейі мен жолдардың жай-күйін тәулік бойы бақылау ұйымдастырылуда. Жедел бригадалар құрылып, ықтимал тәуекелдерге уақытылы даяр тұру үшін қажетті техника дайындалған.  

Мәселен, су тасқынына жедел әрекет етуге және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған 45 су шайып кетуге қарсы пойыздар тұрақты дайындықта тұр. Арнайы құрамдар қажетті техникамен және инертті материалдармен жабдықталған.  

«Көктемгі комиссиялық тексеру – жазғы тасымалдардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды кезең» дейді мамандар.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті