Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Қауіпсіздік
24.07.2026, 09:00
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Жергілікті теміржолшылар мен желілік полиция қызметкерлері теміржол жолағында мал жаюдың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастыруда.

Іс-шара аясында Шетпе және Жармыш ауылдарындағы мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының иелерімен кездесулер өтті. Темір жол бойында тұратын, мал шаруашылығымен айналысатындар ескеретін ережелер, темір жолдың бөлінген жолағында мал жаюға болмайтыны, қанша қашықтыққа рұқсат етілетіні жан-жақты түсіндірілді. Қараусыз жүрген малдың темір жолға шығып кетуі ауыр зардаптарға, оның ішінде пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, материалдық шығын мен адам өміріне қатер әкелуі мүмкін екені ескертілді. Жалпы, станцияда теміржол қозғалысына төрт түліктен келетін қауіп-қатердің алдын алу бағытында шаруа қожалықтары иелері, тұрғындарға мұндай профилактикалық жұмыстар ай сайын өткізіледі екен.  

– Жыл басынан бері біздің аумақтағы темір жолда сегіз рет мал басу оқиғасы тіркелді. Оның бесеуінің иесі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Түсінік жұмыстарын өткен жылғыдан көбейтудің нәтижесінде салыстырмалы деңгейде мал басу жағдайы былтырғыдан екі дерекке азайды. Жалпы, темір жол бойында тұратын әрбір тұрғын өзі үшін де, төрт түлігі үшін де жауапкершілік жүктейтінін естен шығармау керек. Сонымен қатар Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында жуырда станцияға келіп-кететін жолаушылар пойыздарында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі екенін басшылыққа алып, вагондағы, перрондағы жолаушыларға, тұрғындарға оны бұзудың салдары ескертілді. Сонымен қатар теміржол нысандарында, вагонда күмәнді адамдар мен заттарды байқаса, дереу полиция қызметкерлеріне немесе теміржол қызметкерлеріне хабарлау қажеттілігі айтылды, – дейді Сайөтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесі басшысы Нұрлыбек Рахметов.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды