Қауіпсіздік сызығынан аттама...

Қауіпсіздік
04.08.2026, 10:58
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында елордалық локомотив пайдалану депосының машинистері Көліктегі полиция қызметкерлерімен бірлесіп Астана станциясының Лесозавод ауданындағы ең қарқынды теміржол өткелдерінің бірінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді.

Астана станциясы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Күніне жүздеген пойыз өтеді. Бір жақсысы, түрлі акциялар мен рейдтердің өткізілуі нәтижесінде жеті жылға жуық уақыт елорданың теміржол өткелдерінде жол-көлік оқиғалары орын алмапты. Десе де, сақтықта қорлық жоқ.

– «Қауіпсіз өткел» акциясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен еліміздің барлық теміржол желісінде тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Оның негізгі мақсаты – теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Біз де акцияны қолдап, желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жеңіл және ауыр автокөліктер көп өтетін өткелде рейд өткізіп отырмыз. Оның барысында көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, теміржол өткелдерінен қауіпсіз өту ережелерін еске салып, арнайы ақпараттық жадынамалар таратудамыз, – деп атап өтті машинист-нұсқаушы Алмаз Серікқазынов.

Акцияға қатысушылар өткелдердегі жол көлік оқиғаларының негізгі себептеріне назар аударды. Теміржолшылардың айтуынша, апаттардың басым бөлігі жүргізушілердің салғырттығы, асығыстығы және жол белгілерінің, бағдаршамдардың, сондай-ақ шлагбаумдардың талаптарын елемеу салдарынан орын алып жатады екен.  

Машинистер қозғалыс кезінде пойызды бірден тежеу мүмкін емес, тоқтату жүздеген метрге созылатынын еске салды. Тіпті шұғыл тежеуді қолданғанның өзінде соқтығыстың алдын алуға әрдайым мүмкіндік бола бермейтіні айтылды. Ұлттық компания қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Компанияның бастамасымен 2025 жылы теміржол өткелінен өту қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Ал техникалық құралдарға, жүктерге және мүлікке зиян келтірілген жағдайда көлік құралын басқару құқығынан тоғыз айға айыру қарастырылған. Қазіргі уақытта қайталанған құқық бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшерін және жүргізуші куәлігінен айыру мерзімін одан әрі қатаңдату мәселесі қаралуда екен.  

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мамандары жүргізушілерді Жол қозғалысы ережелерін және теміржол өткелдеріндегі сигнал беру талаптарын қатаң сақтауға шақырады.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады