Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті

Қауіпсіздік
11.08.2026, 09:35
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық профилактикалық акциясы жалғасуда. Кезекті іс-шара теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Шымкент жол дистанциясында өтті.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты теміржол өткелдерінде өткен іс-шараға Шымкент жол дистанциясының бастығы Дәурен Бахиев, Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Асқар Исмағұлов, Түркістан облысы Ордабасы АПБ ККБ учаскелік инспекторлары полиция майоры Ербол Суханов пен полиция лейтенанты Бақберген Төлеген қатысты.  

Акция Шымкент – Арыс теліміндегі Игілік – Бадам, Қалаш – Арыс2 бекеттері аралығындағы үш теміржол өткелінде ұйымдастырылды. Шымкент – Арыс телімінде тәулігіне орта есеппен 35 жұп жүк пойызы мен 12 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Сонымен қатар 3 өткелді қоса есептегенде күніне шамамен 10 мыңға жуық жеңіл және жүк автокөлігі қатынап, аудан аралық автобустары жүреді. 

 

Аталған өткелдер арқылы Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылынан 5 мыңнан аса, Карабастау ауылынан 3 мыңнан аса, Жұлдыз ауылынан мыңнан аса адам тұрақты түрде қатынайды. Бұдан бөлек, бұл бағыт арқылы Шымкент қаласымен Арыс қаласына тәулік бойы үздіксіз көлік қозғалысы жүзеге асырылады.  

Осыны ескерген акцияға қатысушылар автокөлік жүргізушілерін барынша қамтып, теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді. Жүргізушілерге арнайы дайындалған ақпараттық жадынамалар таратылып, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңестер берілді.  

Іс-шара барысында 104 жеңіл автокөлік және 16 жүк көлігінің жүргізушісі қамтылып, оларға акцияның мақсаты мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Теміржол өткелдері – аса қауіпті аймақтардың бірі. Осыған байланысты ұйымдастырушылар жүргізушілерді бағдаршамның тыйым салатын белгілерін қатаң сақтауға, жабылып жатқан немесе жабық тұрған шлагбаумнан өтпеуге, сондай-ақ жақындап келе жатқан пойыз алдында қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады