Тұрғындардың бейқамдығынан Арыс жол дистанциясында пойыздар он айда 11 рет мал қаққан

Аймақтар
16.11.2021, 15:28
Оқуға 2 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Арыс жол дистанциясы Түркістан облысының бес ауданы арқылы өтетін темір жолдың күтіміне және қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты. Оның үстіне оңтүстік аймақта халық тығыз орналасқан және көпшілігі мал ұстайтындықтан олардан келетін қауіп-қатер аз емес... Жолшыларға пойыз машинистері мен станция кезекшілерінен немесе жол диспетчерінен жолға шығып кеткен мал туралы хабарламалар күнде келіп жатады. Салғырттықтың салдарынан тұрғындар малынан айрылып, ал мемлекет мүлкіне орасан шығын келіп жатқан оқиға да аз емес. Арыс жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім бастығы Бақытжан Сарыпбеков адамдардың бейғамдығы пойыздар қозғалысына үлкен қауіп төндіріп отырғанын алға тартты. Жыл басынан бері дистанцияға қарасты телімдерде жолға малдың шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеу беру жағдайлары жиілеп кеткен. Өткен он айда мал басу оқиғасы 11 рет орын алған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп.

«Біз теміржол бойында тұратын халықпен кездескен сайын теміржол төңірегіне малдарыңызды жаятын болсаңыздар қараусыз қалдырмаңыздар, болмаса арқандап жайыңыздар деп айтып-ақ келеміз. Жалпы, ереже бойынша малды теміржолдан 300 метр әрі жаю керек. Малды теміржолдан өткелдер, жол өтпелері, арнайы мал өтуге арналған жерлер арқылы ғана өткізу керек. Кейбір тұрғындар пойыз басып кеткен өз малын танып тұрса да айыппұлдан қашып, құлағындағы енін кесіп алып кететін жайттар да кездеседі», – дейді Б.Сарыпбеков.

Бұдан бөлек, қала маңына жақын аймақтарда адамдардың пойыз астына түсіп қалу оқиғалары да орын алып жатады. Биыл екі кісі өлімі тіркелген, екеуінде де адамдардың жауапсыздығы мен бейқамдығы себеп болған.

«Теміржолдан ары-бері өтуге тек белгіленген жерлерде ғана рұқсат берілгені, теміржол бойында бөгде адамдардың жүруіне мүлде тыйым салынғандығы туралы үнемі түсіндірме жұмыстарымызда ескертіп отырамыз. Бірақ, адам психологиясы солай екен, бастарына түспей, біздің ескертпелерімізге құлақ аса бермейді», – дейді өндірістік-техникалық бөлім бастығы.
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл