Теміржол саласына ерекше ұлес қосқан қызылордалықтардың еңбегі еленді

Аймақтар
21.12.2021, 12:05
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қызылорда теміржолында өткен салтанатты шарада Әнұран шырқалып, еңбек озаттары марапатқа кенелді. Бөлімше басшылары Батырхан Базарбаев пен Ибраким Басықараев әріптестерін мерекемен құттықтап, қажырлы еңбектеріне алғыс айтты. Теміржол саласында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен озаттарға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен, «ҚТЖ» басқарма төрағасынан, Облыс әкімдігінен, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынан, Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан, «Қазкөліккәсіп» бірлестігінен түрлі марапат тапсырылды. «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінен бастап, «Адал еңбегі үшін», «ҚР тәуел- сіздігіне 30 жыл», «Үздік басшы», «Үздік маман» төсбелгілері теміржолшылардың кеудесінде жарқырап, құрметке бөледі. Тасымалдау қызметіне ерекше үлес қосқан бір топ машинистер есімі депоның «Құрмет кітабына» енгізіліп, алғыс хат алғандар қатары еселеп артты. Құзырлы құрылымдар мен мекеме басшыларының марапатынан бөлек, тәуелсіздік құрдастарының арнайы дайындаған ән шашуы салтанатты шараның сәнін келтіріп, ажарын аша түсті. Марапатқа боленген аға-апаларына арнап кішкентай бүлдіршіндердің де мерекелік тартуы бар екен. «Сыйға – сый, сыраға – бал» демекші, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған өнерпаздарға ұжым кәсіподағы атынан әзірленген сыйлықтар табыс етілді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады