Ақмола теміржол колледжінде тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырылды

Аймақтар
22.12.2021, 08:39
Оқуға 1 мин
Қазақстан теміржолшысы

Қазақ көлік және логистика академиясының филиалы – Ақмола теміржол колледжінде Қазақстан Рес- публикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты ауқымды іс-шара өтті. Білім ошағының басшысы Амангелді Молгаждаров көпшілікті еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, салтанатты шараға арнайы шақырылған қонақтар мен теміржолшы ардагерлерге алғыс айтты. Жиналғандар студенттердің театрландырылған қойылымын тамашалап, патриоттық әндерден концерт тыңдады. Өнерлі жастар тарихи қойылымдарды сонау Ақтабан шұбырындыдан бастап, Октябрь революциясы, Ұлы Отан соғысы кезеңі, «Желтоқсан желі ызғарлы» бөлімінде кешегі азаттыққа ұмтылған жастар бейнесін сахнада тамаша сомдай білген. «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты соңғы бөлімде егеменді елдің таңы атқан бақытты кезеңді бейнеледі. Кезек концерттік бағдарламаға ауысып, патриоттық әндер шырқалды. «Туған жер» әні «Алаш аманаты» күйімен жалғасты. «Қара жорға» биін нәшіне келтіріп орындаған топ өнеріне көпшілік қол соғып, қошемет көрсетті. Концерт студент Фех Эманиулдың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды