Шымкентте өткен тежегіш ережесіне қатысты айлық барысында 176 кемшілік анықталды

Аймақтар
24.12.2021, 11:32
Оқуға 2 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде «Тежегіш табандықтарын ерекше бақылау» айлығы өтті. 11 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткен айлық аясында бірқатар профилактикалық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Айталық, барлық станцияларда вагондарды тіркеуде тежегіш табандықты қоюдың регламенті мен алып тастау уақытын бақылау, башмактардың бүтіндігін, оларды дұрыс есепке қоюды қамтамасыз етуге көңіл бөлінді. Айлық аясында Бурундай станциясында тежегіш башмакты дер кезінде алмағаны үшін вагонның жолдан шығып кету оқиғасының себеп-салдары талданып, онымен 851 теміржолшы таныстырылды. Бір аптадағы тексерісте Арыс, Қалаш, Игілік станцияларында жүргізілген тексеру 7 бұзушылықты анықтады. Ал екінші аптада Сарыағаш, Монтайтас, Шанақ станциялары тексеруден өтіп, тағы бірнеше бұзушылық анықталды. Ал үшінші аптада бөлімше басшысының орынбасары А.Салықбаев Шымкент станциясында түнгі уақытта тексерулер өткізіп, мұнда да бірталай кемшілік анықталды. Сайрам, Текесу, Бадам станциялары да тексерістен тыс қалмады. Ал айлықтың төртінші аптасында бөлімшенің бас инженері И.Нұржанов Шымкент, Меңлібай, Мақтаарал, Жетісай, Жылға, Тоғыс, Дарбаза, Сайрам, Ленгір, Қорғасын станцияларына тексеріс жүргізді. Түркістан өңірі бойынша бөлімше бастығының орынбасары Ғ.Меңдібаев Күншағыр, Ақдала, Қостүйін, Тимур, Ақшоқат, Түркістан, Шойтөбе, Отрабад станцияларын тексерді. Қысқасы, айлық аясында 350 жедел тексеріс жүргізіліп, 176 бұзушылық анықталды. 99 жұмысшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Локомотив шаруашылығы бойынша 46 тексеріс жүргізіліп, 46 бұзушылық анықталды. Он жұмысшы тәртіптік жауапқа тартылды. Айлық барысында Шымкент ЖТ басшылығы бөгде адамдардың станция парктерінен, сақтау орындарынан тежегіш табандарын ұрлау деректерін болдырмау үшін бірқатар іс-шаралар қабылдады. Станциялық жолдарда вагондарды бекіту бойынша операциялары орындау реттілігі мен жергілікті жағдайларға сәйкестігі, қажет болған жағдайда станция ережесіне сәйкес өзгерістер енгізілу қарастырылды. Құлыптар мен сөрелер жаңартылды. Жұмысшыларға вагон доңғалақтарының астына тежегіш табандықтарын жүйелі тәртіппен орнатуды міндеттейтін нұсқаулықтар өткізілді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды