ӘТЖК 100 жылдығына орай Қызылорда жасағының озаттары марапатталды

Аймақтар
29.12.2021, 08:09
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жыл Әскерилендірілген темір жол күзетінің жүз жылдығы атап өтілуде. Күзет қызметінің Түркістан филиалына қарасты Қызылорда жасағының сарбаздары да ғасырлық мерейтойларын салтанатпен атап өтті. Әскерилендірілген темір жол күзеті Түркістан филиалының бастығы Бақтияр Амалдықов пен Қызылорда жасағының жетекшісі Мұхтар Кенжеғұлов күзет қызметінің ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтап, еңбек озаттарын марапаттады. Бір қызметкер «Адал еңбегі үшін» медалімен, 10 күзетші «Әскерилендірілген темір жол күзетіне 100 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды. Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасы 2 күзет сарбазына табыс етілді. Сонымен қатар, Қызылорда қосалқы бөлімі бастығының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын, Әскерилендірілген темір жол күзеті Түркістан филиалы бастығы мен кәсіподақ ұйымы төрағасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын иеленген күзет жасағының қырандары үшін бұдан бөлек мерекелік сыйақы берілетіндігі де жағымды жаңалық болды.

– Теміржолдағы күзет саласының 100 жылдық мерейтойы ең алдымен мына отырған ардагерлерімізге тиесілі. Біз осы аға буынға қарап үйрендік, тәжірибе жинақтадық, кәсіби міндетіміздің жауапкершілігін сезіндік. Бәріңізді төл мерекемен құттықтап, еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді Әскерилендірілген темір жол күзеті Түркістан филиалы бастығы Бақтияр Амалдықов.

Сексеуіл мен Түркістан станциялары аралығында темір жол күзетін ұйымдастыратын Қызылорда жасағы жыл басынан бері ешқандай коммерциялық ақаудың орын алуына жол бермеген. Сондықтан әріптес- терін мерейтоймен құттықтаған жасақ бастығы Мұхтар Кенжеғұлов қызылордалық күзетшілердің бәрі де құрметке лайық деді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады