Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі биылғы қаңтарды қорытындылады

Аймақтар
14.02.2022, 09:33
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымы биылғы жылдың қаңтар айын жақсы нәтижемен аяқтады. Негізгі пайдалану көрсеткіштері толық орындалып, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда, әсіресе, жүк айналымы сияқты қор құраушы көрсеткіш көтеріңкі.

  Яғни, жүк айналымы жоспарының орындалуы 104,3% деңгейінде. Сондай-ақ локомотив паркін пайдалану көрсеткіштері де жаман емес. Локомотивтің ортатәуліктік өнімділігі 106,3% құраса, орта тәуліктегі жүрісі де осы шама шегінде. Сондай-ақ, жүк пойызының техникалық және телімдік қозғалыс жылдамдығы, орташа салмағы меже үдесінен асыра орындалған.

Бөлімшенің және диспетчерлік аппараттың желілік кәсіпорындары ұжымдарының жұмысы сауатты ұйымдастырылуы арқасында барлық шаруалар тыңғылықты атқарылуда. Күн сайын пайдалану жұмысына талдау жүргізіліп, әсіресе, қар тазартатын техникаларға локомотивтің бөлініп отыруы бақылауға алынған.

«Пойыздардың тартымына кететін отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және өлшегішке нақты норманы төмендету маңызды мәселе болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2 тонна дизель отынының үнеміне қол жеткіздік. Жақында Zoom платформасында тораптық планерлік жиын өтті. Онда өткен жылдың жұмысы қорытындыланып, ағымдағы жылға жаңа міндеттер қойылды. Жиында қаралған басты мәселенің бірі Ұлттық компанияның кірісін арттыру болды. Осыған орай, Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінде жаңа іс-шаралар әзірленді. Тағы бір маңызды мәселе – ол локомотивтер мен локомотив бригадаларын ұтымды пайдалану. Сонымен бірге, машинистердің ескертулері бойынша берілген жауаптардың сапасына назар аударылды, бұл өз кезегінде пайдалану жұмысындағы жетістіктерге оң әсер етері анық», – деп ақпар берді Ақмола ЖТ бөлімшесінің локомотив шаруашылығы бойынша бөлім бастығы Мұхтар Балғоженов.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды