Қазалы вагон пайдалану депосының үздіктері марапатталды

Аймақтар
15.02.2022, 17:42
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ақаулы вагондарды анықтауда қазалылық қырағы вагон қараушылар аймаққа танымал. Өткен жылды табысты аяқтаған Қазалы вагон пайдалану депосының майталмандарын марапаттау рәсімі өтті.

  Депо бастығы Арғын Орымбаев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Ибрайым еселі еңбегімен ұжым абыройын арттырған жандарға ұжым атынан алғыс айтып, кеудесіне төсбелгі тақты. Депоның өндірістік оқыту шебері Ғабит Төлемісов «Адал еңбегі үшін», ал вагон қараушысы Айбек Өтепбергенов «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен марапатталды.

– Қазалы вагон пайдалану депосы ұжымы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын жақсы көрсеткіштермен қарсы алды. Ұжымның жоғары нәтижеге қол жеткізуіне айрықша үлес қосқан азаматтарымыз ҚТЖ компаниясы басшылығы тарапынан түрлі марапатқа ие болды. Бүгін тағы екі әріптесіміздің мерейі өсіп, наградаға ие болып отыр. Еңбек ер атандырады деген осы, – деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Ибрайым.

Вагон қараушы-жөндеушілердің үлкен мектебі қалыптасқан ұжымда қозғалыс қауіпсіздігін сақтау ең жауапты міндет саналатындықтан, жылдар өте нағыз мамандар іріктелгені байқалады. Қазалылық вагон қараушылар ай сайын ақаулы вагонды құрамнан ажыратып, қауіптің алдын алғаны жайлы жақсы хабарды жиі еститініміз осының айқын дәлелі емес пе?!

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті