Былтыр Шымкент станциясында нормаға сәйкес келмейтін 697 факт анықталған

Аймақтар
09.03.2022, 08:59
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

  Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте халық саны уақыт өткен сайын көбейіп, ол қаланың бас қақпасы теміржол станциясының жүктемесін арттырып отырғаны заңдылық. Теміржол саласының қарқынды дамып, мегаполиске сай болуы да уақыт талабы.

  Өткен жылы станция пайдалану көрсеткіштерін табысты аяқтады. Айталық, станциядан 45 вагонға 3070 тонна жүк тиеліп, 2020 жылы 47 вагон 3196 тоннадан кеміген. Мамандар оның себебін, жүк жөнелтушілердің сұранысы азайғандығынан деп түсіндірді. Сондықтан мұның өзі жақсы көр- сеткіш саналады. Жүк түсіру көрсеткіші керісінше өскен, өткен жылы 80 вагон, 2020 жылы 71 вагоннан жүк түсірілген. Жалпы, станциядан 54 пойыз қабылданып, 52 пойыз жөнелтіледі. Аса қауіпті аймақ болғандықтан мұнда комиссиялық айлық тексеру- лер жиі жүргізіледі. Өткен жылғы тексерулер нормаға сәйкес емес 697 ауытқуды анықтады, негізгі үлесі жол шаруашылығына тиесілі. Нәтижесінде жол шаруашылығы бойынша шектеу шаралары қолданылып, шпалдардың жарамсыздығынан төрт жол және бес бағыттамалық бұрмасы жабылды.

  Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі айтарлықтай қамтамасыз етілді, өткен жылы пойыздық және маневрлік жұмыста бір ғана ақау орын алды. Түлкібас-Арыс учаскесіндегі Ынтымақ-Манкент өткелінде №3403 пойыз машинисі №60437126 вагоннан ұшып шыққан бөгде затты көріп қалып, шұғыл тежеу қолданған. Бұл қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғасы ретінде тіркелді. Сондай-ақ, Шымкент станциясынан Қорғасын станциясына бет алған пойызды жөнелту кезінде артқы вагондар істен шыққан. Оның себебі вагонның автотіркегіш құрылғысынан ауытқу табылды. Өткен жылы «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлерінің кінәсінен вагондардан тежегіш табандықтарын алып қою салдарынан кірме жолдан 21 вагон жылжып кетіп, Шымкент станциясының 38-ші сақтандыру жолына 14 вагон шығып кеткені де келеңсіз оқиға болды. «Кедентранссервис» АҚ айыпты деп танылды.

– Жалпы, Шымкент станциясында 170 адам еңбек етеді, оның ішінде әйелдер саны – 73. Былтыр 14 адам жұмысқа қабылданды. Апта сайын құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен жүздесіп, станцияның жай-күйін жіті бақылап отырамын. Өткен жылы өндірістік жарақатсыз жұмыс істедік. Зиянды, ауыр және қауырт еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 80 қызметкер бар. Еңбек тәртібінің сақталуы қатаң қадағаланды, былтыр станция жұмысына талдау жасалып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 20 ескерту, бір қатаң сөгіс, төрт сөгіс, тоғыз ескерту берілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін бес теміржолшы оқуға жіберілді, – дейді Шымкент станциясының басшысы М.Абдуллаев.


Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады