Шымкенттік теміржолшылар «Үздік маман» байқауында бақ сынады

Аймақтар
29.03.2022, 11:23
Оқуға 2 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде «Үздік маман» байқауы өткізілді. Оған аймақтағы он станцияның орта буын мамандары қатысты.

Жалпы, жыл сайын бөлімшеде теміржолшылардың біліктілігі мен кәсіби қабілетін шыңдап, мықтыларды анықтайтын «Үздік маман» байқауын өткізу дәстүрге айналған. Оған қатысатын қызметкерлерден ең бірінші кезекте талап етілетіні аяқ астынан туындайтын төтенше жағдай кезіндегі олардың іс-қимылы және теміржолшылардың өз жұмысын сауатты әдіспен іске асыратынын анықтау болмақ.

Еске сала кетсек, мұның алдында өңірлердің бәрінде «Тежегіш башмакқа – ерекше бақылау» және «Үздік вагон құрастырушы» айлықтары өткен болатын. Соның нәтижесінде Шымкент бөлімшесіндегі конкурсқа станция кезекшілері, вагон құрастырушылар, сигнал берушілер, вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілер қатысып, өзара бақ сынасты.

Шымкент жүк тасымалы бөлім- шесінің бас инженері Ильяс Нұржанов «Үздік маман» байқауының шарттарымен теміржолшыларды алдын ала таныстырып өткен. Бірінші кезеңде қатысушылар іріктелген.

– Барлық станциялар бойынша дауыс беру арқылы көп ұпай жинаған 26 қызметкер байқаудың екінші кезеңіне жіберілді. Олар – 11 станция кезекшісі, 9 вагон құрастырушы, 2 сигнал беруші мен 4 вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші. Байқауға Арыс, Шымкент, Қазығұрт, Сарыағаш, Түркістан, Текесу, Түлкібас, Қызылсай, Қорғасын, Игілік станцияларының кезекшілері қатысты, – деді Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері И.Нұржанов.

Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты 20 сұраққа жауап берді. Қорытындысы бойынша келесі кезеңге 14 маман өтті. Нақтырақ айтқанда, 5 станция кезекшісі мен 4 пойыз құрастырушысы, 3 вагон қозғалысы жылдамдығын реттеуші, 2 сигнал беруші жоғарыдағы сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сыннан сүрінбей өткендер болды. Үшінші тур «Фото бойынша жауабын тап» кезеңінде де қатысушылар үздік атануға барын салды. Дегенмен, сайыстың аты – сайыс, біреу озады, біреу қалады. Қазылар алқасының бағасы бойынша станция кезекшілері арасында барлық сұрақтарға сауатты, дәл жауап беріп, сын тегеурінді жағдайларға төтеп беретін білімі мен біліктілігін танытқан Арыс станциясының кезекшісі А.Еркебаев 1-орынға ие болды. 2-орынды Түлкібас станциясының кезекшісі Н.Отарбаев, 3-орынды Қазығұрт станциясынан М.Козенко жеңіп алды.

Ал пойыз құрастырушылар арасында 1-орын Арыс станциясынан Б.Ермекбайға, 2-орын Қазығұрт станциясының пойыз құрастырушысы А.Тағабаевқа, 3-орын Сарыағаш станциясының пойыз құрастырушысы А.Отыншиевқа бұйырды. Вагондар қозғалысын реттеушілер арасында 1-орынды Арыс станциясынан Н.Тұрымбетов, 2-орынды Шымкент станциясынан М.Абдулгафаров, 3-орынды Түркістан станциясынан Е.Нұрматов иеленді. Станцияның сигнал берушілері арасында 1-орынды Сарыағаш станциясының сигнал берушісі Б.Қанаев, 2-орынды Арыс станциясынан Н.Олжахан алды.

Үздік атанған барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріліп, бөлімше басшылығы кәсіби мамандарға адал жұмысы үшін алғыс айтты.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды