Қызылтам бекетінде екі бағыттамалы бұрма жинағы жаңартылды

Аймақтар
12.04.2022, 10:29
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Көктем мен жаз – жол шаруашылығы үшін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге ең қолайлы кез. Сондықтан жол саласын сауықтыру жұмыстары негізінен жаз маусымына жоспарланады. Кеше Қазалы жол дистанциясының теміржолшылары Қызылтам бекетінде екі бағыттамалы бұрма жинағын ауыстырды.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қазалы жолшыларына бағыттамалық бұрмалар жинағын ауыстыру үшін 6 сағаттық толаскез берілді. Жолшылар осы уақытты тиімді пайдаланып, жоспарлы жұмыстарды технологиялық талап деңгейінде атқарып шықты. Бекет жолдарындағы 6 және 8-ші бағыттамалық бұрма жинақтарын кешенді ауыстыру жұмысына алдын ала дайындық жасаған дистанциялықтар жаңа жинақтарды технологиялық стандарттар негізінде орналастырды. Жұмысқа телім бастығы Шынберген Ерханов пен орынбасары Ғалымжан Қарымсақов, жол шебері Ерболат Боданов басшылық жасады.

– Толаскез жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жинақтарды ауыстыруға қажетті кіші механизмдер, құрал-жабдықтар толық жеткілікті болды. Жұмысшылар да кәсіби шеберлігі келіскен кіл мықтылардан іріктелген. Атқарылған жұмыстың сапасына мін болмауы тиіс, – дейді кәсіподақ ұйымы төрағасы Дастан Әбішев.

Бұған дейін қолданыста болған P-65 типті бағыттамалы бұрмалар ағаш шпалда орналастырылғандықтан олардың жарамдылық уақыты таусылған. Енді дәл осы P-65 бұрмасы темірбетон шпалға орналастырылып, ауыстырылып жатыр. Сәйкесінше жарамдылық мерзімі де ұзақ, төзімділігі де жоғары.

Қазалы жолшылары екі бағыттамалы бұрманы кешенді ауыстыру жұмыстарында жол шаруашылығына тиесілі жұмыстарды түгел атқарып шықты. Ал қазалылық ШЧ, ЭЧ дистанциялары мен станция теміржолшылары да белгі беру-байланыс, электрмен жабдықтау сынды өздеріне тиесілі жұмыстарды жауапкершілігіне алды. Телімнен кесте бойынша өтуі тиіс жылжымалы құрамдардың кідірісіне жол берілген жоқ.

Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады