Сырдария тасыған жағдайда теміржолшылар қауіп-қатерге дайын

Аймақтар
19.04.2022, 10:58
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңірі үшін көктемде Сырдың тасу қаупі жоғары. Қайсыбір жылдары арнасынан шыққан дария айналасындағы біраз елді мекенді әбіржіткенін неге ұмытайық. Сондықтан жыл сайын қар еріп, су көбейген кезде жергілікті теміржолшылар дариямен шектесетін станциялар мен теміржол телімдерін бақылауда ұстайды.

Алайда биыл қардың аз түсуі, көктемде жауын-шашынның да мөлшерден аспауы себепті Сырдария айтарлық қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен қандай да бір тосын жағдай бола қалғанда қамсыз қалмауды көздеген аймақ басшылары қауіпті учаскелерді, жасанды құрылыстарды тексеріп, су шайып кетуі мүмкін канал, арық-жыраларды, көпірлердің асты-үстін тазартып, сақтық шараларын жасап отыр.

Қазіргі уақытта құзырлы органдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ауа райын да бақылауда ұстап отыр. Облыс бойынша су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Су қорларын қорғау және мемлекеттік бақылау бөлімі басшысы Зейнулла Қазтоғановтың мәліметіне сүйенсек, Шардара су қоймасында қазіргі таңда жиылған 5 млрд 23 млн текше метр судың Сырдария өзенінің бойымен төменге қарай секундына 200 текше метр, Көксарай су торабынан секундына 100 текше метр су босатылып, екі арнаның жиынтығында Қызылорда бағытына секундына 300 текше метр су ағып келуде екен. Дегенмен мұнша көлемдегі дария суынан аймақ теміржолына қауіп-қатер жоқ көрінеді. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің инженері Аралбек Нұрмағанбетов осылай дейді.

Қызылорда су торабынан Сырдария өзені арнасымен төменге қарай секундына 382 текше метр су босатылып жатыр екен. Ол судың 259 текше метрі Айтек су торабына, Қараөзек арнасымен 105 текше метрі ағып өтуде. Қазалы су торабынан секундына 187 текше метр су ағып өтіп, Ақлақ су торабынан секундына 78 текше метр Кіші арал теңізіне құйылуда екен. Қысқасы, ахуал толық бақы- лауда дейді жергілікті теміржолшылар.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті