Қызылордалық вагон қараушы қырағылығымен жұртты тәнті етіп жүр

Аймақтар
27.04.2022, 08:31
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзгелерге сөзімен емес, ісімен үлгі бола білген қызылордалық вагон қараушы, екі мәрте «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісінің иегері Сейтмек Онбаев, әріптестерінің айтуынша, өзінің шеберлік мектебін қалыптастыруға лайық жан.

Бәкене бойлы, өз ісінің хас шебері атанған жігіт – кәсібіне берілген нағыз маман. Сан мәрте қауіптің алдын ала білген Сейтмек – кәсібіне адалдық адамды құрметке бөлейтінін дәлелдей білген теміржолшы. Оның назарынан ақаулы вагон мүлт кетпейді екен деп аңыз айтатындар да бар. Қалай болған күнде де екі рет «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен тегін адам марапатталмаса керек.

Өткен айда тағы бір вагоннан күрделі ақау анықтап, тағы бір қауіптің алдын алыпты. Наурыз айының 27-і күні №3523 жүк пойызына техникалық қызмет жасап жүріп, доңғалақ жұптарынан шыққан әлсіз ғана оғаш дыбысқа кәсіби дағдысымен елең етіп, қайта үңілген. Тексере келе №56749195 нөмірлі вагон доңғалағынан табылған ақау қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіріп тұрғаны анықталды.

Қазалы вагон пайдалану депосының Қызылорда станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктінде бірнеше жылдан бері Сейтмекпен бірге жұмыс жасап келе жатқан әріптестері де оның бойынан нағыз кәсіби теміржолшыға, вагон қараушыға тән қасиеттің бәрі бар екенін мойындайды, әсіресе қиядағыны көзі шалатын ерекше қырағылығына тәнті болады.

– Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру – теміржолшының ең басты міндеті. Осыған байланысты депо бойынша өтетін қауіпсіздік акцияларына ұжымның барлық мүшелері тегіс атсалысады. Акция кезінде ақаулы вагондарды тауып, еңбегі еленген ұжымдастарымыз құрметке бөленіп, марапатқа, сыйақыға ұсынылады. Солардың арасында Сейтмек Онбаевтың орны ерекше. Вагонда, әсіресе, бүйір рамасының ақауын табу өте қиын жұмыс, оны жай көзбен көріп анықтау мүмкін емес, тек тәжірибелі вагон қараушылар дыбыстан аңғаратын көрінеді. Тіпті, кейде осындай күрделі ақаулар түнгі мезгілде табылып жатады, бұл нағыз ерлік саналады. Сейтмек – осындай аңғарылуы қиын ақауды жеті қараңғы түнде, қол шамы мен балғасының көмегімен, бүйір рамасының ішкі жағының ақауын айнаның көмегімен анықтаған теміржолшы, қырағылық – оның кәсіби дағдысы, – деп пікір білдірді әріптесінің кәсібилігіне ерекше сүйсінген Қызылорда ТҚКП басшысы Рүстем Ұзақбаев.

– Депоға вагон қараушы болып жұмысқа орналасқан 2002 жылдан бері, шүкір, абыройсыз емеспін. Әрине, адам іштен бәрін біліп тумайды, мен де алдымдағы ұстаздарымнан оқыдым-тоқыдым, үйрендім. Жүре келе тәжірибе жинап, адамда дағды, кәсіби білік, түйсік пайда болады, кейде тіпті келіп тоқтаған құрамнан ақау шығарын күні бұрын сезіп тұратын боласың, – дейді үздік вагон қараушы Сейтмек Онбаев.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті