Шымкенттік теміржолшылар жұмыс барысында қаза тапқан әріптестерін еске алды

Аймақтар
29.04.2022, 10:31
Оқуға 2 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Дүниежүзілік еңбек қорғау күні теміржолшылар ең бірінші кезекте өндірісте жазатайым оқиғалардың салдарынан қаза болған немесе жарақат алған әріптестерін еске алады.

Кәсіподақтар жұмыс берушілерге өз қызметкерлерінің еңбегіне қолайлы жағдай жасап, заманауи технологияларды енгізуге және қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатаң қарауға шақырады. 

Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша биылғы жылдың алғашқы тоқсанында бірде-бір жазатайым оқиғаға жол берілмеді, ал өткен жылы дәл осы уақытта екі оқиға орын алған екен. Оның бірі Арыс дистанциясына қарасты Шеңгелді – Жылға аралығында француздық «Жейсмар» техникасымен жұмыс жасап жатқан жол жөндеуші Нұрлыбек Кұттыбеков оң қолының саусақтарын кесіп алған. Сарыағаш қаласының орталық ауруханасына жедел жеткізілген жолшының жарақат алуына ең алдымен ақаулы құралмен жұмыс істеуі себеп болған.

Мемлекеттік инспектордың басқаруымен жүргізілген арнайы тергеу-тексерудің нәтижесі бойынша қайғылы оқиға өндірістік деп танылды, жұмысшының кінәсі – 60%, жұмыс берушінің кінәсі 40% деп белгіленді. 

Екінші оқиға – Дарбаза-Сарыағаш өткелі аралығында жол монтері Қыдырбай Ақжоловты пойыз қағып кеткен. Алған жарақатынан жол жөндеуші ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Қаза болған жол монтеріне ұжымдық шарт негізінде бір реттік көмек – 13 миллион 817 мың теңге төленді. Қайғылы оқиға өндірістік деп танылды, жұмысшының кінәсі – 70%, жұмыс берушінің кінәсі 30% деп белгіленді. 

Кеше Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Нұрлан Бастаров, бас инженер Мұхтарбай Битемиров және еңбек қорғау секторының басшысы Ерлан Серперов бастаған арнайы топ жұмыс бабында қаза тапқан Қ.Ақжоловтың отбасына барып, анасының жағдайын сұрап, марқұмға құран бағыштады. Сондай-ақ, кәсіподақпен бірлесіп, материалдық көмек көрсетті.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды